Түркістан облысының әкімдігі Қылмыстық атқару жүйесі мекемесіндегі сотталғандар арасында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында 1 млн теңгеге жуық дәрі-дәрмек бөліп, қамқорлық танытты.
Елімізде төтенше жағдай жарияланған алғашқы күннен бастап қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандар арасында COVID-19 індетін таратпау бойынша алдын алу шараларын қабылдады. Мекемелерде санитарлық-дезинфекциялық режім сақталып, бірінші кезекте сотталғандардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық алдын алу шаралары алгоритмге сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылды.
«Қазіргі таңда індеттің екінші кезеңі күтілуіне байланысты облыстағы тиісті органдармен сотталғандар арасында жедел респираторлы вирусты инфекциялар мен коронавирустық инфекциялардың таралуын болдырмауға және алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы жоспар негізінде қазіргі таңда тиісті бірқатар жұмыс атқарылды. Нәтижесінде, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан сотталғандардың иммунитеттерін нығайту мен COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында қызуды, қақырықты түсіруге арналған дәрілер, инфекцияның алдын алуға арналған антибиотиктер мен иммунитетті көтеруге арналған дәрумендер берілді», дейді ҚАЖ департаментінің санитар-дәрігері Айдана Мэлсқызы.
Бұған дейін де Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен сотталғандарға бір реттік 1 мың дана қолғап пен 2 мың дана бетперде берілді.