• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қыркүйек, 2020

Елімізде жұмыссыздар саны артты

526 рет
көрсетілді

2020 жылдың екінші тоқсанында елімізде 454 мың жұмыссыз адам тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға көп. Жұмыссыздық деңгейі 5%-ды құрады, ал бір жыл бұрын 4,8% болған, деп хабарлайды Egemen.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұмыссыз қалған ер адамдар саны 216,3 мыңды, әйелдер саны 237,7 мыңды құрады. Ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6%, әйелдер арасында 5,4%.

Қалаға қарағанда жұмыссыздық деңгейі ауылдық жерлерде төмен. Осылайша, ауылдардағы жұмыссыздар саны 174,7 мың адамды, қалаларда 279,2 мың адамды құрап отыр.

Жұмыссыздардың дені оңтүстік аймақтарда тұрады: Алматы қаласы, Алматы облысы және Түркістан облысында. 

Соңғы жаңалықтар