• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қазан, 2020

Еліміздегі ең үздік ұстаздар анықталады

783 рет
көрсетілді

Бүгін Мұғалімдер күні қарсаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтеді. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

"Мерекелік жиын барысында "Үздік педагог-2020" байқауының жеңімпаздары анықталады. Үздік педагогтер 2 778 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақымен және төсбелгілермен марапатталады. Марапаттарды тапсыру рәсімі әр өңірде жеке ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында, сондай-ақ "Хабар 24" республикалық телеарнасы арқылы Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат 11:00-де көрсетіледі", делінген хабарламада.