Бұл туралы әлем сарапшылары зейнет жасында өмір сүруге ең қолайлы елдерді атап берді деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Natixis француз инвестициялық банкінің сарапшылары материалдық әл-ауқатын, өмір сүру сапасын ескере отырып, 44 елдегі зейнеткерлердің әл-ауқаты мен қаржылық қауіпсіздігін бағалады.
Тізімде Исландия, Швейцария және Норвегия көш бастап тұр. Ал Америка Құрама Штаттары 18-ші орында.
Айта кетсек, сарапшылар тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы ең жоғары елдерді анықтады. Әлем бойынша Гонконг тұрғындары өте ұзақ өмір сүреді. Олардың өмір сүру ұзақтығы – 84,63 жас. Үздік үштікке Жапония, Макао сынды Азия елдері жайғасқан.
Ал төртінші орында тұрғындары орта есеппен 83,56 жыл өмір сүретін Швейцария тұр, одан кейінгі орынға Сингапур (орта есеппен 83,39 жас) орналасқан. Қазақстан бұл тізімде 110-орында тұр. Зерттеу бойынша елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 73,23 жасты құрайды.