Алматыда 6 қазаннан бастап театрлардың жұмысына рұқсат берілді. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған. Қаулыға сәйкес, театрларда отыру орындарының толуы 50% аспауы тиіс, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Мәдени нысандарда әлеуметтік арақашықтық сақталуы міндетті. Сондай-ақ, санитарлық-дезинфекциялық режим, желдету және ауаны баптау жүйелері үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек. Оған қоса, ауаны сәулелендіру (кварц) ұсынылады", - делінген Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында.