Парламент Сенатындағы «Өңір» депутаттық тобы Алматы облысында көшпелі отырыс өткізді. Бұл басқосу Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік саясат» тақырыбы бойынша ұйымдастырылды.
Парламент Сенатындағы «Өңір» депутаттық тобы Алматы облысында көшпелі отырыс өткізді. Бұл басқосу Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік саясат» тақырыбы бойынша ұйымдастырылды.
Шараға «Өңір» депутаттық тобының мүшелері – сенаторлар Ермек Жұмабаев, Қуаныш Айтаханов, Владимир Бобров, Асхат Күзеков, Нұрлан Сүлейменов, Орынбай Рахманбердиев, Лаззат Тұрлашов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Қайрат Әбсаттаров, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Биліктің заң шығару тармағы мен аймақтарды мемлекеттік басқару органдарымен біздің бірлескен жұмыстарымыз аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі дамытуға ықпал етеді», деп атап өтті Парламент Сенатының депутаты, «Өңір» депутаттық тобының жетекшісі Ермек Жұмабаев.
Сенатор Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары: әлеуметтік кепілдік және жеке жауапкершілікті жария еткенін атап өтті. Қазақстан Президенті біздің мемлекетіміздің әлеуметтік саясатын жаңғыртуды, оның тиімділігін мейлінше арттыруды ұсынып отыр. «Экономиканың өркендеуін ескере отырып, өмір сапасын бірте-бірте көтеруді көздейтін әлеуметтік төменгі стандарттар мен азаматтарға арналған кепілдіктер заң жүзінде белгіленетін болады. Бұл ретте мемлекет тек мұқтаж жандарға – зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, сырқат балаларға және басқаларға әлеуметтік қолдау көрсетеді, ал жұмыссыздарға жаңа кәсіп меңгеріп және қайта даярлықтан өтсе ғана әлеуметтік қолдау жасалатын болады», деді Е.Жұмабаев.
Сенатор сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын және «Жұмыспен қамту-2020» жол картасын іске асыру және оның келешегі туралы айта келіп, отырыс қорытындысы бойынша оны мезгілінде және сапалы жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар әзірленетінін жеткізді.
«Өңір» депутаттық тобының «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы – қазақстандықтарды жұмыспен қамтудағы орнықтылықтың басты факторы» тақырыбы бойынша өткен отырыстың барысында сенатор Владимир Бобров сөз сөйледі. Депутат жоғары еңбек өнімділігі мен лайықты еңбекақысы бар тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы Үкіметтің басты құралы екенін атап көрсетті. Ол бағдарламаны іске асыру бойынша кәсіпорындар құрылысы кезінде 220 мың жұмыс орындары ашылатын 779 жобаны іске қосу көзделетінін және жобалар іске асатын барлық кезеңде 181 мың тұрақты жұмыс орындары болатынын көлденең тартты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
_____________________________________
ФОТОКҮНДЕЛІК
Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.