05 қыркүйек күні 00 сағат 10 минутта Орал-Саратов тас жолында болған жол апатында екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға Переметное ауылы тұсында болған. Ақтөбе облысында тіркелген "Honda Odyssey" маркалы автокөлігі мен мемлекеттік нөмірі 128 FTA/07 "Volvo-440" автокөлігі қақтығысып, екінші көліктегі екі адам мыжылған темірдің арасында қалған. Олар сол жерде жан тапсырған.
Апат орнына Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы жетіп, марқұмдардың денесін алып шықты. "Жол-көлік оқиғасы кезіндегі жұмыстар 01 сағат 05 минутта аяқталды", деп хабарлады төтеншеліктердің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан облысы