Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров Қоршаған орта және су ресурстары министрі болып тағайындалды, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Анатолий Григорьевич Дерновой Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.