• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2013

Азаматтық әлем алаңы кең

410 рет
көрсетілді

Қазақстанда азаматтық Альянс құрылымы еліміздің бар­лық­ аймақтарында іс-әрекет етеді. Азаматтық қоғамды дамыту­ мә­селелерін ілгерілету және ай­мақ­тар­дағы үкіметтік емес сектордың басын біріктіретін ірі қауымдастық.

Біріншіден, құрамымызда 38 қоғамдық ұйым мүше. Азаматтық бастаманы қолдау, білім және тәрбие, рухани құндылықтарды насихаттау, жастар шығармашылығы, қоршаған ортаны қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғау, ден­саулық, кәсіпкерлікті қолдау, құ­қықтық, оралмандар мәселесі бағыт­тары бойынша жұмыс жасай­тын ұйымдар мүшелікке енген.

Қазақстанда азаматтық Альянс құрылымы еліміздің бар­лық­ аймақтарында іс-әрекет етеді. Азаматтық қоғамды дамыту­ мә­селелерін ілгерілету және ай­мақ­тар­дағы үкіметтік емес сектордың басын біріктіретін ірі қауымдастық.

Біріншіден, құрамымызда 38 қоғамдық ұйым мүше. Азаматтық бастаманы қолдау, білім және тәрбие, рухани құндылықтарды насихаттау, жастар шығармашылығы, қоршаған ортаны қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғау, ден­саулық, кәсіпкерлікті қолдау, құ­қықтық, оралмандар мәселесі бағыт­тары бойынша жұмыс жасай­тын ұйымдар мүшелікке енген. Облыс әкімдігі жанындағы кеңес комиссия жұмыстарына белсене араласады. Облыс көлемінде ғана емес, респуб­лика көлемінде беделі бар ұйым.

Қазақстанда үкіметтік емес ұйым секторы – еліміздің тәуелсіздік ал­ған жылдардан бері бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам институтының басты құры­лым­дарының бірі. 2000 жылдары Қазақстан Үкіметі қоғамдық ұйым­дар­дың жұмысына көңіл бөле бас­тады. 2003 жылы елімізде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен тұңғыш Азаматтық форум өтті. Елбасының тапсырмасымен 2005 жылы азаматтық қоғамды 2006-2011 жылдары аралығында дамыту тұжырымдамасы, мемлекеттік әлеу­меттік тапсырыс заңы қабылданды. Ата Заңымызға қоғамдық ұйымдарды қаржыландыруға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. Қазақстанның аза­маттық Альянсы заңды тұлғалар қауым­дастығы құрылды, барлық аймақ­тарда облыстық деңгейде Аза­мат­тық альянс бірлестіктері өз қыз­меттерін бастады. Міне, солар­дың бірі болып біздің облыста да Азаматтық альянс өз жұмысын бастап кетті.

Альянс 2006-2011 жылға ар­налған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын негізге ала отырып, өз қызметінің стратегиялық жос­парын құрды, мемлекет тарапынан азаматтық қоғамның дамуына қолайлы жағдайлар туғызылды, арнайы аймақтық бағдарламалар жасақталды. Біздің ұйым мемлекеттік және жергілікті органдармен, бизнеспен ықпалдастықты нығайту бағытында тұрақты жұмыс жасады. Тек облыс орталығында ғана емес, аудан және ауылдық жерлерде де осы азаматтық қоғамның рөлі туралы үлкен түсінік жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда облыстың барлық деңгейдегі жергілікті билікпен, мемлекеттік органдармен және бизнес құрылымдарымен, қоғамдық саяси партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаудамыз. Азаматтық қоғам институттарының шешім қабылдау кезеңіндегі атсалысуына және белсене араласуына мүмкіндік беретін шараларды тұрақты әрі жүйелі жүргізу арқылы бүгінгі таңда беделді үкіметтік емес ұйымдардың іргетасы құрылды десем артық болмайды.

Алға қойған барлық міндеттер мен межелер жүзеге асырылды және асырылып та жатыр деп айта аламын. Айналамызда болып жатқан жағдайларға көз жұмып отырмау керектігін қоғам түсініп келеді. Заңның орындалуына талап қоя алатын азаматтардың көбеюі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік пен тітіркенушілік сананың оянуымен, рухани құндылықтар жаңғыруда. Әсіресе, жастар жағы белсенділік танытуда.

Бірақ бәрі жақсы деп те айтуға келмес. Өмір болған соң жақсы да жаман жағы да болады. Аймағымызда 2005 жылдан бері қоғамдық ұйымдар құрылып, олар белсенді әрекет етеді. Оған себепкер ұйымымыздың жанынан үкіметтік емес ұйымдардың ресурс орталығын құрғандығымыз. Азаматтық бастамалары бар қоғам белсенділерінің заң аясында жұмыстандыру үшін «заңды тұлға болып қалай тіркелуге болады, мақсат пен міндеттерін дұрыс қалай құру қажет, егер де идея­лары болса жобаны қалай жазуға болады, жобаны жүзеге асыру үшін серіктестерді қалай іздестіру керек, қаржы көздерін қалай табуға болады?» – деген бағытта әдістемелік көмекті тұрақты жүргізудеміз. Міне, осы жұмыстардың қазір жемісі бар. Қаншама ұйымдар жастармен, жасөспірімдермен, мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстар жүргізіп жатыр. Тұрақты да жүйелі жұмыстың және білікті ұйымдастырудың арқасында облыс көлемінде қоғамның да, биліктің де, бизнестің де үкіметтік емес ұйымдарға деген сенімді қалыптастыруға ықпал еттік деп айта аламын. Азаматтық альянс әлеуметтік мәселелерді талқылай және ұсыныс жасақтай алатын сұхбат құру және сұхбаттасу мүмкіндігіне қол жеткізді. Ауылдық жерлерде шағын бизнестің дамуына қосқан үлесімізді мақтанышпен айта аламын. Ауыл тұрғындарына қажет қызметтер, жаңа жұмыс орындары, ең бастысы, жұмыссыз үйде отырған әйелдер мен әлеуметтік қорғалмаған отбасылар үшін жанұялық кәсіпке ие болу мүмкіндігіне қол жеткізуге ықпал еттік. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру бағдарламаларының орта мектептерде енгізілуіне және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардағы аналар мен балалардың әлеуетін көтеруге бағытталған бағдарламаларға қатысуына мүмкіндік жасаудамыз.

Аймағымызда үкіметтік емес ұйымдар да әлеуметтік мәселелердің шешілуіне белсенді қатысып, өз үлесін қосуда. Қоғамдық ұйымдардың белсенді әрекеті соңғы 5-6 жылда анық байқалып отыр. Азаматтардың қаржылық, құқықтық және экологиялық мәдениетін көтеру, саламатты өмір сүру, әлеуметтік қорғалмаған әлжуаз топтарға қажет қызмет түрлерін ұсыну, шешім қабылдау барысына қатысуға құлшыныс таныту, әлеуметтік мәселелерді үнқатысу алаңдарында талқылап, конструктивті сұхбат құруға ұмтылу, өзекті мәселелерді шешуде жергілікті билік пен бизнес­ке ұтымды ұсыныстар беру – бұл біздің жетістігіміз деп атап кетуге болады. Облысымыздың үкіметтік емес ұйымдар:

жергілікті билік және бизнес пен тең дәрежеде сұхбат алаңында пікір таластыра алатын серіктес деңгейіне қол жеткізді, әлжуаз әлеуметтік қорғалмаған топтарға қажет қызмет түрлерін халыққа ұсынып, белгілі бір топтың мәселесін шешуге үлес қосуда, қоғамдық ұйымның көшбасшыларының пікірлері де билік пен бизнес тарапынан ескерілетін дәрежеге дейін жетіп жатыр. ҮЕҰ-ның пікірлеріне халық та құлақ түре бастады, қоғамдық пікір қалыптастыруда орны ерекше рөл атқаруда.

Азаматтық қоғам институт­тарының дамуына елімізде қо­лайлы жағдай жасалып, барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Әрбір мемлекеттің негізгі тірегі – азаматтық қоғам. Өркениетті қоғамы бар елде әділеттілік пен теңдік маңызды көрсеткіш болып табылады. Біздің елімізде осындай қоғамға жету үшін барлық мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек. Міне, сол себепті де мемлекеттік бюджеттен ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қаржы бөлініп жатыр. Республикалық және халықаралық ұйымдардың да гранттарын жеңіп алып, оны облыс тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, әлеуетін көтеруге бағыштап жатырмыз. Қоғамдық ұйымдардың мұндай бастамаларына жергілікті билік пен мемлекеттік органдардың тарапынан да қолдау көрсетілуде. Биліктің ҮЕҰ қызметіне түсіністік танытып, тығыз қа­рым-қатынас құрып, қоғам мәселе­сін ортақ талқылап, ынтымақтасып жасап жатқан қызметтеріміз де аз емес.           «Бә­рі тамаша, бәріне қол жеткіздік» десек, ол өтірік болар. Кемшіліктер мен қателіктер қандай істе де кездеседі. «Е, солай екен-ау», деп қол қусырып отыруға тағы болмайды. Сондықтан барлық мүмкіндікті жіберіп алмай, кемшін тұстарымызды да атап кеткім келеді.

Жергілікті билік пен қарым-қаты­насымызды нығайтуға бірден-бір үлес қосқан бұл – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс. Оны жоққа шығармайды. Ұйым болып аяқтануға, тұрақтылыққа қол жеткізуге мүм­кін­дік жасады. Бірақ соңғы жылдары осы ҮЕҰ арналған әлеуметтік маңызы бар тапсырыс байқауы кеш жарияланып, жылдың ортасы ауғанда ғана қаржыға қол жеткіземіз.

Соның нәтижесінде көптеген шаралар асығыстықпен жасалады. Бұған кейбір мемлекеттік органдар сын айтып жатады. Оның да жөні бар. Өздерінің атқарып жатқан шараларына ҮЕҰ да көңілі толмай, «Әттеген-ай, уақытым молдау болғанда мұны басқаша атқарар едім», деп қынжылып жатады. Сол себепті 2014 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жылдың басында жарияланса деген ұсынысым бар және әлеуметтік маңызы бар лоттар тақырыптарын құру кезінде міндетті түрде ҮЕҰ-ның да ұсыныс-пікірлерін ескерсе дейміз.

Сонымен қатар, ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс­ты тек бір ғана басқарманың құзырына берген өте қиындық туғызады. Себебі, әртүрлі сала бойынша бір басқармада мамандар табу өте қиын. Сондықтан әр сала білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, ішкі істер органдары, әділет, әлеуметтік қорғау өз бағыттары бойынша профильді ҮЕҰ-мен жұмыс жасаса, онда біраз мәселені шешуге қол жеткізуге болар еді. 2009 жылдан бері облыстық форумда аудандағы, ауылдағы қоғамдық ұйымдарды дамыту үшін бюджеттен де қаржы қарастыру қажет деп, ұсыныс беріп келеміз. Бірақ, өкінішке қарай, Жаңаөзен қаласынан басқа аудандарда бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр.

Облыстық деңгейдегі байқауға ауылдық ҮЕҰ қатысуы және тап­сы­рысқа қол жеткізуі – екіталай. Биыл бірінші рет аудандық ҮЕҰ-ның ресурс орталығына тапсырыс болды. Енді осы бастама тоқтап қалмай, әрі қарай жалғасын тапса дейміз.

Біздің аймағымызда бизнес пен ҮЕҰ арасында қарым-қатынас қандай дәрежеде? Әлемді толғандырып отырған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселесі шағын және орта бизнес саласын ойландыра ма? деген сауалдарға аймақтың ҮЕҰ да жауап іздеп жатыр. Бизнес пен билікке қоғам талабы жылдан-жылға артуда. Сондықтан кез келген бизнес егер жергілікті қауымдастық – халық пен қоғамдық ұйымдармен тіл табысып, олардың пікіріне құлақ асса, шешім қабылдағанда ескерсе, ондай бизнеске инвестиция да құйылады, табысы да тұрақты болады. Бұл бағытта шағын және орта бизнес саласының корпоративті әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін көтеруге бірлесе жұмыстануға, КӘЖ қағидаттарын ұстанатын бизнестің әрекетін оң бағалауға билік пен қоғамның ресурстарын біріктіре жұмыстануға шақырамын.

Жалпы, кез келген дау-дамай неден басталады? Бұл бір-бірімізді тыңдай алмаудан, естімеуден. Билік, бизнес және қоғам арасындағы кері байланыс мәдениеті қалыптасса, онда кез келген мәселенің дұрыс оңтайлы шешімін табуға болады. Қоғаммен кері байланыс құрудың бірден-бір оңтайлы тұғырнамасы – қоғамдық кеңестер. Осы платформаны біз тиімді пайдалана алып отырмыз ба? Қоғамдық кеңестің шешімдерінің толық орындалуы мүмкіндігі бар ма, шешімнің қандай күші бар? Тұтастай алғанда, облыс тұрғындары бұл кеңестердің жұмысымен таныс па? Ондай ақпаратты қайдан алуға болады, ақпарат қолжетімді ме? Кеңес қоғаммен байланыстың қандай формаларын пайдаланады? Кеңес жұмысына үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қалай атсалыса алады? 2013 жылы облысымыздағы бірнеше қоғамдық кеңес пен комиссиялардың қажеттілігін бағалау жұмыстарын, сол кеңес мүшелерінің қатысуымен жүргіздік. Облыс көлемінде кеңес мүшелері мен тұрғындарды кездестірдік, кеңес жұмысы туралы ақпарат алуға мүмкіндік бердік. Шындығында тұрғындар кеңес жұмыстарының қажет қызмет екендігін бізге дәлелдеп берді. Сондықтан бүгінгі жергілікті билік жанындағы қоғамдық кеңес жұмыстарының тиімділігін арттыру тетіктерін жасақтауды ұсынамын, жасақтасуға да дайын екенімізді айтқым келеді.

Азаматтық қоғамның дамуы – азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігіне байланысты. Қоғамдық тәртіптің бұзылуы, жасөспірімдер қылмысының өршуі, сыбайлас жемқорлықтың кеңінен етек алуы – бұл біздің азаматтарымыздың әлеуметтік жауапкершілігінің төмендігі, саяси сауатсыздығы. Сондықтан барлық азаматтық қоғам институттары қоғамымызды сауықтыру бағытындағы іс-шараларға белсенді араласқан жағдайда ғана жоғарыда айтылған жайттарды болдырмауға болады.

Қоғамдық пікір қалыптастыру және азаматтардың саяси сауаттылығын көтеру жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болғандықтан, ақпараттық құралдар арқылы, қоғамдық дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер және кездесулер сияқты шараларды жүргізу арқылы ағартушылық бағыттағы жұмысымыздың маңызы зор. Ұйым билікпен де, бизнеспен де, халықпен де тікелей жұмыс жасайды. Ұйымға мүше қоғамдық ұйымдар да осы бағытта тұрақты жұмыстанып жатыр.

Рухани жандүниесі бай, адамгер­ші­лігі, білімі мен біліктілігі жоғары, жүрегінде иманы бар, өз елі мен же­рін сүйетін, адал әрі әділ, өзіне және қоғамға пайда беретін іс әре­кет­тері арқылы өзгелерге үлгі болатын, сондай-ақ айналасында бо­лып жатқан жағдайларға нем­құрай­лылық танытпайтын тұлға дер едім. Қорыта айтқанда, Үкіметтік емес ұйымдардың билік пен халық арасындағы дәнекерлік қызметі Маңғыстау аймағында қанатын кеңге жайып келеді.

Жақсыгүл МАХАНБЕТОВА,

«Маңғыстау облыстық азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті.

АҚТАУ.

Соңғы жаңалықтар