Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану мұражайы орналасқан ғимарат ХІХ ғасырдың орта кезінде салынған және қаладағы көрікті нысандардың бірі болыпты. Мұражай ретінде ашылған кезде бұл жерде көрме залы ғана болған екен. 1983 жылы ашылғанына 100 жыл толуы қарсаңында ол жаңа экспонаттармен толықтырылған. «Мұражай қазыналары» деп аталатын бөлімде самаурынның неше түрін, ескі сағаттарды, қытай фарфорын, музыкалық аспаптарды тамашалауға болады.
Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану мұражайы орналасқан ғимарат ХІХ ғасырдың орта кезінде салынған және қаладағы көрікті нысандардың бірі болыпты. Мұражай ретінде ашылған кезде бұл жерде көрме залы ғана болған екен. 1983 жылы ашылғанына 100 жыл толуы қарсаңында ол жаңа экспонаттармен толықтырылған. «Мұражай қазыналары» деп аталатын бөлімде самаурынның неше түрін, ескі сағаттарды, қытай фарфорын, музыкалық аспаптарды тамашалауға болады.Мұнда «Алаш» қозғалысының мүшесі Темірғали Нүрекеновтен қалған ер-тоқым бар. Мұражайға келушілер академик Қаныш Сәтбаевтың, жазушы Сәду Машақовтың, Шәкер Әбенов, Бибігүл Төлегенова, Күләш Сәкиеваның, Болат Сыбанов, Жәнібек Кәрменовтің жеке дүниелері мен қолданған заттарын көре алады. Сондай-ақ, Түркісіб темір жолы паравозының алғашқы макеті де осында сақтаулы. Бүгінде мұражайда 106 мың экспонат 22 тақырып бойынша іріктеліп, көрермен назарына ұсынылған.
Абай театрында өткен жиында мұражай директоры Бекен Теміровке облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың алғыс хаты табысталды.
– Қазір тарихқа оралған, өткенді парақтаған уақыт, – деді Бекен Теміров, – мемлекеттік бағдарлама аясында біздің ұжым ел игілігі үшін еңбек ететін болады. Бүгінгі асу біз үшін қимас бір белес.
– Біздің қалада мақтан етерлік дүние көп, – деді жазушы Медеу Сәрсеке. – Бұл Мұхтар Әуезов оқыған педагогикалық колледж, Абай, Достоевский мұражайлары, осы тарихи өлкетану мұражайы. Осындай рухани байлықты иелене отырып, біз оларды кейде бағалай да бермейміз.
Кеште мұражай тарихына арналған деректі фильм мен сурет альбомының тұсауы кесілді. Мұражай қызметкерлеріне қала әкімінің марапаттары табыс етілді.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.
СЕМЕЙ.
Суреттерді түсірген автор.