WhatsApp мессенджерінің бір ерекшелігінің арқасында басқа адам жойған хабарламаны оқуға болады. Бұл туралы "Синергия" университетінің Ақпараттық технологиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Жойылған хабарламаларды қалпына келтіру бағдарламаларының көпшілігін тек Android ОЖ пайдаланушыларына орнатуға болады. Жоғалған хабарламаны оқуға мүмкіндік беретін танымал бағдарламалардың бірі Notif log notification history деп аталады", деді сарапшы.
Айта кетейік, WhatsApp мессенджерінде жіберген хабарламаңызды бір сағат ішінде өшіріп тастай аласыз.