• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2013

Заң қазақша жазылмай, заман ұлтқа бұрылмас

266 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 5 қараша күнгі са­нында Жоғарғы Сот судьясы Әділ Құрықбаевтың «Сот ісін жүргізудегі олқылықтар мем­лекеттік тілдің адымын аштырмай отыр» деген мақаласы жарық көрді. Мақалада Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа жо­басында іс жүргізу заңна­ма­ла­рындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен дамытуға кедергі келтіріп ке­л­ген қайшылықтардың жойыл­мағандығын, ескі кодекстердегі заң нормаларының сол қайшы­лықты күйінде қайта ұсынылып отырғанына алаңдаушылық білдірілген.

«Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 5 қараша күнгі са­нында Жоғарғы Сот судьясы Әділ Құрықбаевтың «Сот ісін жүргізудегі олқылықтар мем­лекеттік тілдің адымын аштырмай отыр» деген мақаласы жарық көрді. Мақалада Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа жо­басында іс жүргізу заңна­ма­ла­рындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен дамытуға кедергі келтіріп ке­л­ген қайшылықтардың жойыл­мағандығын, ескі кодекстердегі заң нормаларының сол қайшы­лықты күйінде қайта ұсынылып отырғанына алаңдаушылық білдірілген.

«Қазіргі қолданыстағы Қыл­мыстық іс жүргізу кодексінің 30-бабына, Азаматтық іс жүргізу кодексінің 14-бабына сәйкес «Қа­зақстан Республикасында қыл­мыстық және азаматтық сот ісі мемлекеттік тілде жүр­гі­зіледі. Ал қажет болған жағ­дай­да мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі және басқа тілдер қол­данылады» делінген дей келіп, «Аталған баптардың бірінші бөлігі сот ісі мемлекеттік тілде жүр­гізілетіндігін көрсетсе, екін­ші бөлігі бірінші бөліктің ма­ңы­зын жоятын нормалардан тұ­рады» деп ашығын айтқан. Мұнан әрі мақала авторы: «...аталған баптың екінші бөлігінде қылмыстық істі жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе өзге тілде жүргізу қажет болған жағдайда сот ісін жүргізу тілі туралы дәлелді қаулы шығарады деп көрсетілген норма бірінші бөлігіндегі сот ісінің мемлекеттік тілде жүргізілетіні туралы нормасын басқаша түсіндіруге әкеліп соғады. Себебі, осы екінші бөлімдегі нормалар арқылы заң шығарушы орган сот ісін жүргізу тілін процесті жүргізуші органның таңдауына берген. Бұдан туатын қорытынды: Заңның өзі сот ісін орыс тілінде жүргізуге жол ашып тұр. Қажет жағдайда қолданылатын орыс тілін кез келген тергеуші өзінің қаулысымен сот ісін жүргізетін тілге айналдырып жібере алады. Бұл қылмыстық процестерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ықпал ете алады деп айту қиын» дейді судья.

Іс жүргізу заңнамасында мемлекеттік тілге қатысты осындай елеулі ішкі қайшылық бола тұрса да және ол жылдар бойы сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын аяқтан шалып келе жатса да Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасын жасаушылар мәселеге көздерін жұма қарап, жаңа жобада ескі қателікті қайта ұсынып отырғанына алаңдаушылық білдірген. «Елбасымыз Нұр­сұл­тан Назарбаев: «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2025 жылға қарай олар ке­мінде 95 пайызды құрауы тиіс», деп нақты атап көрсетті. Демек, мемлекеттік тілді дамытудың жолын көрсетті. Алайда, Ел­ба­сымыздың осы тапсырма­сын және қазір елімізде демо­гра­фиялық жағдайымыз түзеліп, мемлекетті құраушы ұлттың саны 70 пайызға көтерілгенін, мемлекеттік тілдің қолдану аясы күннен-күнге кеңейіп, мәртебесі көтеріліп, толыққанды тілге айнала бастағанын қылмыстық іс­тер жүргізу кодексінің жо­­ба­сын дайындап жатқан Бас Про­­куратура ескермеген» деп түйін­дейді тіл жанашыры мақа­ласында.

Біз, әзірленіп жатқан жаңа іс жүргізу заңнамаларынан зор үміт күтіп, елдің болашағын да сол заңдармен байланыстырып отырғанда заң жобасын әзірлеуші Бас Прокуратураның мына сорақылығы төбемізден жай түсіргендей болып отыр. Егер заң жасақтау міндеті жүк­телген мемлекеттік орган Елбасының тапсырмасын ес­кер­месе, бұрынғы заңдардағы олқылықтарды түзетіп, қоғамдық дамудың қазіргі жағдайына және таяу болашақтағы болжамдарына лайықтап жазбаса оған осындай маңызды міндет қалайша сеніп тапсырылады. Соның ішінде айта-айта ауыр, жаза-жаза жауыр болып, ұлтжанды азаматтардың діңкесін құртқан мемлекеттік тілге қатысты заңдағы олқылықтарды нағыз сәті енді келіп тұрғанда, қолайлы мүмкіндіктен тағы қағып тастасақ, сорақылықтың көкесі сол болмай ма?

Мағыналы мақаласы арқылы мәселенің мәнісін жұртшылыққа жеткізе ұғындырып, дер кезін­де үн көтерген, аса мәрте­белі Жоғарғы Сот судьясы Ә.Құ­рықбаев мырзаға риза­шы­­лығымызды білдіре отырып, мақалада көтерілген мәсе­лені аяқсыз қалдырмауды, әзір­ле­ніп жатқан заң жобаларына мем­лекеттік тілдің қол­да­ныс аясын кеңейту мен дамы­туға қатысты жан-жақты ойлас­тырылған пәр­менді баптар енгі­зуді сұрар едік.

«Ет бұзылса тұз себер, тұз бұзылса не себер?» дейді хал­қы­мыз. Тіл заңын, сол заңды сақ­тауды мемлекеттік дәрежеде қамтамасыз етуді және заңды­лықтың бұзылмауын қада­ға­лаушы органның өзі сақтамай отырғаны қалай?

Заң жобасын мемлекеттік тілде емес, орыс тілінде әзір­леп мемлекеттік тілдің конс­ти­­­­туциялық мәртебесін көрнеу тап­таған. Елдігіміздің басты атри­буттарының бірі мемлекет құраушы ұлттың тілін елемеуі және қажетсіздікке шығаруы арқылы тәуелсіздік алға­нына жиырма жылдан асып, өркениет керуеніне кө­шін қоса бастаған елдігімізге ашық күмән туғызып отыр дер едік. «...ғаламторда жүрген қыл­мыстық іс істер жүргізу, Қыл­мыстық және Қылмыстық атқару кодекстерінің жаңа жобаларының әлі мемлекеттік тілдегі мәтіні жоқ екенін айтқан жөн. Жобалардың авторлары оларды мемлекеттік тілге аударуды да, мемлекеттік тілде талқылауды да, жөн көрмеген» дейді мақала авторы. Бұған енді төзуге болмайды. Заң жобасын жасаушылардың қазақ тілін ғана емес, қазақ ұлтын да сыйламай, заңның орыс тіліндегі нұсқасын ғана бұқараның талқысына ұсынып отырғандығы намысқа тиетін жағдай.

Айтылып жатқан сындардан кейін заң жобасын жасаушы жақ жөпелдемде жобаны қазақ тіліне аударар да, Парламентке қос тілдегі нұсқасын апарар да. Бірақ онымен тілге қатысты күрмеу шешіледі дей алмаймыз. Аударма ешқашан түпнұсқа бола алмайды және қазақ менталитетін қалай болғанда да екінші сатыға ығыстырып тұрады. Сондықтан заң шығару ісіне қазақ тілінде жазуға қабілетті және ұлт намысын – ел намысы деп сезінетін азаматтарды кеңінен тарту қажет.

Аманкелді ШАХИН,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Батыс Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар