• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2013

Елбасының айтқандарын кім жүзеге асырады?

307 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы көптеген жастардың бағын ашты. Мамандықтары бойынша жұмыстарына орналасып, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауларға ие болды. Сөйтіп, әжептәуір көтеріліп қалды. Ретіне қарай кейбіреулері кредит алып, баспана да сатып алды. Кәрі әке-шешелерін қолдарына көшіріп, оларды бағып-қағып, перзенттік парыздарын өтеп отырғандары да бар.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы көптеген жастардың бағын ашты. Мамандықтары бойынша жұмыстарына орналасып, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауларға ие болды. Сөйтіп, әжептәуір көтеріліп қалды. Ретіне қарай кейбіреулері кредит алып, баспана да сатып алды. Кәрі әке-шешелерін қолдарына көшіріп, оларды бағып-қағып, перзенттік парыздарын өтеп отырғандары да бар.

Алайда, Елбасы шақыруымен ауылға келіп, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қол­дауларға қолдары жете алмай жүр­ген жас мамандар да ауданда баршылық. Ол, әрине, сөзсіз жергілікті басшылардың кінәсі. Өйткені, мемлекетімізде қаржы жетеді. Ол туралы таяуда ғана кеңес өткізген Мемлекет басшысы «Биылдың өзінде 157 миллиард теңге игерілмей қалғалы тұр», деп рен­жіп айтты. Тиісті орындарға нақты тапсырмалар берді.

Бұқаралық ақпарат құралдары­нан берілген осындай мақалаларды оқып, облыс әкімдері мен министр­ліктер тарапынан кетіп жатқан кемшіліктерге еріксіз қынжылдық.

Біздің ауданда «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойын­ша аудандық экономика және бюджеттік бағдарламалар бөліміне 2012-2013 жылы 107 жас маман келіп тіркеліп, тиісті құжаттарын өткізген екен. Олардың тек 40-ы ғана көтерме ақшаларын алыпты. Бұл келгендердің жартысына да жетпейді. Қалғандарына көтерме ақы мен үй алуларына кредит беруге қаражат жетпеген тәрізді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылы 13 сәуірде жарияланған №51 қаулысымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес құжаттарын толық өткізген жас маман 39 күннің ішінде қолына көтерме ақшаларын алуға тиісті болатын. Алғашқы жылдары солай болды да. Ауылға келген жас мамандар, жоғарыда айтылғандай мемлекеттік стандарттарда көрсетілген талаптарға сай көтерме ақшалары мен тиесілі кредиттерін алып, еңселерін көтеріп қалған еді. Қазір бұл іс қожырап барады. Оған кім кінәлі? Әрине, жергілікті басшылар. Өйткені, жергілікті жерлерде Президент тапсырмаларын іс жүзіне асыратын солар.

Мемлекеттік қызметтегі пат­риоттықты Қазақстан Респуб­ли­касының Конституциялық заңдарын бұлжытпай орындау мен Елбасы тапсырмаларын жүзеге асырудан бөліп қарауға болмайды. Кім Елбасы пікірімен келіспейтін болса, тапсырмаларын орындамаса, ол өз еркімен қызметтен кетуге тиісті. Бұл мемлекеттік қызметте істейтін адамдар үшін жазылмаған заңның бір тармағы болуы шарт.

Халыққа қызмет көрсету – үл­кен мәртебе. Ал жастарға қол­дау жасау болашақтың іргета­сын қалау десек те болады. Тұң­ғыш Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың өзі мұрындық болып, бастама көтерген кезде «бар ақшаны жоқ» етіп, жерге қарап отырған кейбір шенеуніктердің іс-әрекеттері, әрине, жаныңды ауыртады.

Мемлекетімізде қаражат бола тұра, Президент тапсырмасы неге орындалмайды?

Марат ҚАШҚЫНБАЕВ,

Балқаш аудандық мәслихаты

аппаратының жетекшісі.

Алматы облысы,

Балқаш ауданы,

Бақанас ауылы.

Соңғы жаңалықтар