Жамбылдық қаржы полициясы қызметкерлері 33 мың литр көлеміндегі этил спиртін Шымкент қаласынан Алматы қаласына апара жатқан «VOLVO» және «MAN» маркалы 2 автокөлік жүргізушілерінің жолын кесті. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қаржы полицейлері азамат К. мен азамат Т.-ның тіркемелердегі сұйықтың этил спирті екендігін анықтады. Ал этил спиртінің 1 литрі нарықта 930 теңгеге бағаланады.
Жамбылдық қаржы полициясы қызметкерлері 33 мың литр көлеміндегі этил спиртін Шымкент қаласынан Алматы қаласына апара жатқан «VOLVO» және «MAN» маркалы 2 автокөлік жүргізушілерінің жолын кесті. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қаржы полицейлері азамат К. мен азамат Т.-ның тіркемелердегі сұйықтың этил спирті екендігін анықтады. Ал этил спиртінің 1 литрі нарықта 930 теңгеге бағаланады.Демек, 33 мың литр этил спиртінің жалпы құны 30,7 миллионнан астам теңгені құрайды деген сөз.
Бүгінде күдікпен ұсталған күмәнді кәсіпкерлер К. мен Т.-ға тіркеуден өтпегені, арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) көп мөлшерде акцизделінетін тауарларды сақтағаны және оны сату арқылы заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін ҚК 190-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде қылмыстық істер сот қарауында.
Жалпы, қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың басынан бері көлемі 60 мың литрге жуық этил спирті түріндегі контрабандалық тауарларды қолға түсірді. Оның құны 56 миллионнан астам теңгені құрайды. «Айналымнан» алынған 60 мыңға жуық литр контрабандалық спирттен «көлеңкелі бизнес» өкілдері сапасы нашар алкогольдік өнімнің 240 мыңнан астам бөтелкесін жасауды жоспарлапты. Ал оны ішкен жүздеген тұрғындардың денсаулығы бұзылатыны айтпаса да түсінікті.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.