Солтүстік Қазақстан облысында Есіл мен Мамлютка аудандарының орталығы карантинге жабылғаны жайлы кеше хабарладық, деп хабарлайды «Хабар 24».
Явленко ауылы мен Мамлютка қаласында кешелі бері кәсіпкерлік нысандар мен тұрғындар үшін шектеу шаралары енгізіледі. Бұған дейін Булаева ауылында да оқшаулау шаралары енгізілген болатын. Бұл елді мекенде қауіпті вирусты 15 адам жұқтырған еді. Ал, Явленко ауылында соңғы екі аптада жағдай тұрақты болды. Бірақ кеше 7 бірдей адамның індет жұқтырғаны анықталды. Ауданның санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, егер инфекция жұқтырғандардың саны 7 адамға жетсе, елді мекен карантинге жабылады. Мамлюткада осындай 14 жағдай тіркелді. Енді қала халқының түнгі 22:00-ден бастап таңғы 06:00-ге дейін көшеде себепсіз жүруіне шектеу қойылды. Тек азық-түлік пен дәріханаларға баруға рұқсат.
Мамлютка ауданы әкімінің орынбасары Алмагүл Рамазанованың айтуынша, мектептерде оқу үрдісі онлайн режимде жалғаса береді. Кезекші сыныптар үшін де өзгеріс болмайды. Азық-түлік дүкендерінің жұмысы 23:00-ден 21:00-ге дейін қысқартылды. Сыртта жұмыс істейтін тұрғындардың рұқсат қағазы болуы тиіс. Әзірге карантин 14 күнге созылады.