Павлодар қаласындағы "Арай" сауда үйінде жалпы ауданы 1500 шаршы метр аумақта бутиктер, кеңселер және шатыр жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 қазанда сағат 01:00-де Исиналиев көшесі, 58 мекенжайындағы "Арай" сауда үйінің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Өрт 1500 шаршы метрді шарпыған.
"Екі магистральды желі тартылды. Өрт 04:15-те ауыздықталып, 04:55-те сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі – жарықтандыру қалқанындағы қысқа тұйықталу. Келген шығын көлемі анықталуда", деп түсіндірді ведомство.
Оқиға орнына жеке құрамның 77 адамы 16 көлікпен келген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.