• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қазан, 2020

Қазақстанда эко-туризмді қалай дамыту керек?

676 рет
көрсетілді

Туризм мамандары елімізде белсенді демалыс ұйымдастыру туралы айтып берді. Атап айтқанда, "CAMPIT" белсенді демалыс жөніндегі коммьюнитидің негізін қалаушы, "Anytravel" ЖШС директоры Денис Лукянчук батыс үлгісіндегі тұжырымдама салдардың алдын алуға және демалыс мәдениетін арттыруға септігін тигізеді деп санайды, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Қазіргі кезде ішкі туризмге деген сұраныстың жоғары екендігін байқап отырмыз. Бұл өте жақсы үрдіс, бірақ жаңалықтардан көрген туризмнің дамуына байланысты жағымсыз жағдайларды естен шығармауымыз керек. Бұл қағидаттар табиғатты сақтау идеясын ғана емес, сондай-ақ Қазақстанға осы сала үшін ең маңызды ресурсты сақтай отырып, ұзақ мерзімді перспективада эко-демалысты дамытуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті спикер.

Тенденция туралы айтар болсақ, спикерлер қазақстандықтардың "Отанын жаңадан танып", бұрын зерттелмеген жерлерді аралайтынын жеткізді.

"Бүгінде белсенді демалысты ұйымдастыру үшін арнайы қосымшалары жүктелген ұялы телефон болса жеткілікті. Таулар, көлдер, шөлдер, құмдар және тау шаңғысы. Әркім өзіне ұнайтын демалысты таңдай алады. Оның үстіне инфрақұрылым да дамуда. 2ГИС-тің өзінен 68 тау жолын таба аламыз. Табиғат аясында демалу трендке айналғанын көріп отырмыз. Дамуға ынталандыру бар. Бірақ өзін қалай ұстау керек екендігін бәрі бірдей біле бермейді. Міне, осы ережелерді белсенді түрде үгіттеуіміз керек", - деді Д. Лукянчук.