Шығыс Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған оқушылардың саны күн санап артып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қазанда 58 оқушының коронавирус жұқтырғаны расталды. Олардың 34-і кезекші топқа барған, ал 24-і қашықтан оқыған екен.
Оқушылар арасында жұқтырғандардың көбі Риддер және Алтай қаласынан болып шықты. Сондай-ақ Глубокое ауданында 10 оқушы ауруға шалдыққан.
"Егер аудандарды алып қарасақ, онда балалардың көбі Глубокое ауданында – 10 оқушы, Көкпектіде – 10 бала, сондай-ақ Шемонаихада – 2 оқушы, Күршім және Қатон Қарағайда – бір баладан жұқтырған. Ауырып қалғандардың көбі қашықтан оқыған", дейді ведомство өкілдері.