• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қазан, 2020

Әлеуметтік азық-түлік шығыстары қысқарады

588 рет
көрсетілді

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру жөніндегі жобаны іске асыру халықтың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу шы­ғын­дарын 10-15%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік бере­тінін мәлім­деді.

«Жалпы, 24 көтерме-тарату орталығынан тұратын жобаны іске асыру қорытындысы бо­йынша экономикалық тиімділік 1,2 трлн теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеміс-көкөніс өнімінің өнімділігі жылына 460 мың тонна немесе 23 млрд теңгеге дейін ұлғаяды», деді Б.Сұлтанов.

Сауда және интеграция министрінің айтуынша, ҰТЖ құрылған соң егін шыққаннан кейінгі кезеңде өндірушілердің шығындарының қысқаруы шамамен 350 мың тонна көкөніс өнімдерін, жылына 13,3 млрд теңге сомасын құрайды.