• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Қазан, 2020

Жәнібек Әлімханұлы бокстан уақытша шеттетілді

609 рет
көрсетілді

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та нокаутпен жеңген жеңісінен кейін дисквалификацияланды,деп хабарлайды Egemen.kz.

Sports.kz сайты мәлімдегендей, 10 қазан күні таңертең орта салмақта қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кәсіби рингте кезекті жеңісіне қол жеткізген болатын. Ол Лас-Вегаста Top Rank компаниясының бокс кешінде, екінші раундта Аргентина өкілі Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) нокаутпен жеңген еді. Осы айқастан кейін Невада штатының Атлетикалық комиссиясы екі боксшыға да шаршы алаңға шығуға шектеу қойды.

"Жәнібек биылғы жылдың 24 қазанына дейін жұдырықтаса алмайды, ал оның қарсыласы ұзақ мерзімге, 9 желтоқсанға дейін шеттетілді. Бұл "дисквалификация" медициналық сипатқа ие, яғни айқастан кейін боксшылардың дұрыс қалпына келулері үшін қажет", делінген хабарламада.