• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қазан, 2020

13 диагностикалық орталық құрылды

539 рет
көрсетілді

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Позилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте шаһарда 13 диагностикалық орталық құрылатынын жеткізді.

«Диагностикалық орталық­тар­да 17 компьютерлік томогра­фия және 30 рентген аппараты бар. Сонымен бірге 6 ПТР зерт­ха­­насы бар, оның 2-еуі жаңа­дан ашыл­ды. Олар тәулігіне 2 500 тест қабылдайды», деді Б.Пози­лов.

Сонымен қатар ол меди­­цина меке­ме­ле­рін материалдық-техникалық жаб­дық­тау бойынша қосымша 282 ӨЖТ алынып, қалада ӨЖТ саны 612 бірлікке жеткенін айтты. Жаңа 3 оттегі стансасы мен 9 сұйық оттегі резервуары қондырылған. Одан өзге, қыркүйек айында медицина ұйымдарының өзара әрекет алгоритмі пысықталып, науқастарды категорияларға бөлуді үйлестіру үшін 3 рет оқу-жаттығу өткізілді. Осы уа­қыт ішінде 10 164 медицина ма­­маны коронавирус инфек­ция­­сымен күрес бойынша оқы­тыл­­ды.

Ал емханалар жанынан құ­рыл­ған 67 мобилді топ 29 415 пациентке медициналық қызмет көрсетті. Науқастарға жедел жәрдем көрсету мақсатында жаңа call-center іске қосылды. Шақыруды қабылдау линиясы 9-дан 28-ге өсіп, операторлар саны үш есеге артты. Бүгінгі таңда қоңырау қабылдау қуат­тылығы тәулігіне 3 500-ге жетті.

 

ШЫМКЕНТ