• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Қазан, 2020

Жеңімпаздар анықталды

376 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, «Құланшы» заманауи өнер орталығы, Қазақ­станның шығармашылық бастаулары мен мәдени мұрасын қолдау жөніндегі «Байта» қайырымдылық қоры, Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы, Педагог суретшілер халықаралық одағының (Ресей) Қазақстандағы өкілдігі, Еуразия өнер академиясы, Балалар көркемсурет мектебі – Нұр-Сұлтан қаласы ЮНЕСКО клубы; «ForteBank» АҚ мен «Леонардо» хобби гипермаркетінің қолдауымен ұйымдастырылған «Туған жерім» атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының XV халықаралық байқауы өз жеңімпаздарын анықтады.

Аталған байқауды 2004 жыл­дан бастап Қазақстан Рес­публикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінде өткізу дәс­түрге айналып, 2006 жылы бұл шара жаңа жобалық деңгейге көтерілген болатын. Мұндағы мақ­сат – әлем балаларын Қазақ­стан­ның мәдениеті және өнері­мен таныстыру, олардың жеке қабілетін, шығармашылық әле­уетін тереңдету.

Елбасы кітапханасы дирек­торының орынбасары Күләйша Ақтаеваның айтуына қарағанда, аталған бастама балалар шы­ғар­машылығын қолдауға ба­ғыт­­талған Тұңғыш Президент му­зе­йінің арнайы жобасы. Ал ба­лалар шығармашылығының стилдік ерекшелігіне тоқтал­сақ, кескіндеме мен мүсін, сәндік-қол­данбалы өнер үлгілері, көр­кем картиналар енген.

Биылғы байқауға Қазақстан, Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Өзбекстан, Украина, Әзербайжан, Беларусь елдерінен 400-ден астам жұмыс жолданыпты. Қазылар алқасының мү­ше­сі, «Құланшы» заманауи өнер орталығының директо­ры Ләйлә Махаттың айтуын­ша, жас жеткіншектер шы­ғар­ма­­шылығына баға беру оңай емес. Мұнда әр баланың маңдай тері мен көз майы сің­ген. Бұл реткі байқауға жолданған жұмыстар көңілге толымды және қатысушылардың көптігі мен жан-жақтылығы таңғалдырады. Осы орайда, өз жұмыстарын жолдаған барлық қатысушыларға рахмет айтамын, құттықтаймын, деді ол.

Сонымен 8-10 жас санатында­ғылар арасынан: бас жүлдені та­тарстандық Матвей Крылов қан­жығаласа, келесі орындарды: София Моргун (Украина), Алек­сей Литвинцев (Беларусь), Али­на Порхачева (Ресей), София Нику­лина (Долгопрудный, Ресей), Вале­рия Алексеенко (Барнаул, Ресей), Сүрия Сапар (Нұр-Сұл­тан, Қазақстан) ие болды.

11-13 жас санатындағылар ара­­сынан: бас жүлдеге Ділнұр Ақпаева (Соль-Илецк, Ресей) мен Виктория Савельева (Магни­тогорск, Ресей) ие болса, келесі орындар Анастасия Шеляпа (Свердлов облысы, Ресей), Жансая Бердібай (Шымкент, Қазақстан), Сағдат Тоқтаева (Шах­рисабз, Өзбекстан) т.б. бұ­йырды.

14-16 жас санатындағылар ара­­сынан: бас жүлде Севинч Бо­ти­­ров (Шахрисабз, Өзбекстан), Айым Сейілханға (Ақтөбе, Қазақ­стан) бұйырса, жүлдегерлер ре­тінде Александра Ефремова (Ека­теринбург, Ресей), Екатерина Крив­лева (Рудный, Қазақстан), Рай Нина (Волгодонск, Ресей) танылды.

Ұйымдастырушылар тара­­пы­нан жеңімпаздар мен жүлдегер­лерге онлайн түрде диплом табысталып, алған сыйлықтары пошта арқылы жіберілетін болды.

Байқауды қортындылап сөз сөйлеген «Байта» шығар­ма­шы­лық бастамалар мен мәдени мұра қайырымдылық қорының директоры Светлана Махат, жас таланттарға табыс тілей отырып, шығармашылық жұмыста биік белестерден көріне беруіне тілектестік танытты.

Байқауда үздік деп танылған жұмыстарға Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы музейінің көрме залынан орын бұйырды. Көпшілік бұл туындыларды онлайн арқылы тамашалай алады.