Осы жылдың 11 қазанында Бурабай ауданының полиция бөліміне Щучье қаласының тұрғыны өтінішпен жүгінген. Ол өзінің Kaspi Gold картасында ақша қаражатының жоғалғанын анықтаған. Ұялы телефонында Kaspi.kz қосымшасы орнатылған. Картасынан 40 мың теңге ақша қаражаты аударылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бурабай ауданының криминалдық полиция қызметкерлері Щучинск қаласының 25 жастағы тұрғыны – ер адамды анықтап, ұстады. Ол Щучинск қаласында пәтерде, өзінің танысы пәтер иесінің салғырттығын пайдаланып, оның телефонына қандай пороль тергенін көріп, онда орналасқан қосымша арқылы өзінің шешесінің картасына ақша аударған.
Күдіктіге қатысты Қазақстанның ҚК 188-бабы «Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, процестік мәжбүрлеу шарасы – «Келу міндеті». Осындай жағдайларды болдырмау және ақшаңызды сақтап қалу үшін құқық қорғау органдары мүлкіңізге мұқият болуды, сенімді пароль орнатуды, сондай-ақ оны айына кемінде бір рет ауыстырып отыруды ұсынады.