Өрт – тілсіз жау. Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиянын тигізетін алапат апат. Айтып келмейтін апат табиғатымыздың таптырмас байлықтарына үлкен зиянын келтіреді.
Сол себепті қоршаған ортаны барынша сақтап қалуға пейілді адамзат баласы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы керек. Жаз және күз мезгілдерінде орман алқаптары, шаруашылық жерлер және таулы аймақтарда өрт көп орын алады. Соның салдарынан көптеген өсімдіктер жанып, құстар мен жәндіктер өртке күйіп, опат болады. Өртенген аймақтағы жан-жануарлардың және жәндіктердің тіршілік ету ортасы бұзылады. Өртенген топырақ жер қыртысының өзгеруіне себебін тигізіп, шөлденуге әкеліп соғады. Тілсіз жаудың таралуы табиғатқа ғана емес, сонымен қатар елді мекендерге, орман алқаптары мен адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.
Өрт болған аймақты қайтадан қалпына келтіруге көптеген уақыт керек. Сол себепті, адам өртке жол бермей, табиғатты барынша бағалай білсе дейміз.
Рүстем ИСТЕМЕСОВ,
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің радиобайланыс инженері
Шығыс Қазақстан облысы