• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қазан, 2020

Қытайда вирустың тағы бір түрі анықталды

372 рет
көрсетілді

Қытайда індеттің бұл түрі доңыздар арасында тарап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz

Жануардың оқтын-оқтын іші өтіп, құсуы тоқтамайды екен. Инфекция ішекте тез таралатын болып шықты.

Енді ғалымдар, бұл аурудың адамдар арасында тарап кету қаупі бар деп қауіптенуде. АҚШ-тың Чапел-Хиллдағы Солтүстік Каролина Университетінің ғалымдары лабораториялық зерттеулер жүргізу кезінде Қытайда табылған коронавирустың жаңа штамының адам өміріне де қауіпті болуы мүмкін екендігін көрсетті.

Вирус алғаш рет 2016 жылы жарқанаттардан доңыздарға жұққан. Дегенмен, ғалымдар, адам ағзасында қалыптасқан ұжымдық иммунитет бұл дерттен қорғайды деп үміттеніп отыр.