• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Білім 16 Қазан, 2020

"Әл-Фараби" халықаралық олимпиадасына 9,5 мыңнан аса оқушы қатысты

514 рет
көрсетілді

"Әл-Фараби" халықаралық пәндік олимпиадасына алыс және жақын шетелдердің 10 елінен 9,5 мыңнан астам мектеп оқушысы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Олимпиада жеңімпаздарына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқуға 40 білім гранты бөлінді. Бұл туралы ғалымдар және фарабитанушылармен кездесу барысында айтылды. Сонымен қатар жиында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының аралық қорытындысы жасалды. Дөңгелек үстел форматында өткен ғалымдармен кездесуге ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Күшербаев, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Мерейтойлық жыл ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен халықаралық деңгейде атап өтілуде.