• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 19 Қазан, 2020

Тұрақты комиссия жұмысына қатысты

213 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары бейне конференция арқылы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенатор Андрей Лукин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамында сарапшылармен бірлесе отырып ҰҚШҰ-ның бірқатар үлгі заңдарының жобаларын талқылады. Отырыста жаппай қырып-жою қаруының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар авиациясының халықаралық ұшуларын ұйымдастыру саласындағы заңнаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің базалық өлшем шарттары мен көрсеткіштері, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің кибершабуылдар мен қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі іс-қимыл жоспары мен құралдарының тұжырымдамасы мәселелері бойынша ұсынымдар жобалары қаралды.

Сенат депутаты Дәурен Әділбеков қатысқан ҰҚШҰ ПА Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы барысында ұйым аясында жасалған халықаралық шарттардың ратификациясы талқыланды.

Депутат Әли Бектаев ҰҚШҰ ПА Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысына қатысты. Парламентшілер ұйымның қызметін реттейтін құжаттардың жобаларын және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының құрылымын өзгерту жөніндегі ұсыныстарды қарады.