• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қазан, 2020

Әлеуметтік мекемелер қуат үнемдейді

185 рет
көрсетілді

Бүгінде Петропавл және Көкшетау қалаларында «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу инсти­туты» АҚ іске асырып жатқан «Қазақ­стан­да энергия тиімділігін арттыру» жобасының нысандары бойынша Дүние­жүзілік банктің тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартоның екі күндік сапа­ры аяқталды.

Нысандардың бірі – олимпиадалық резерв­­тің Солтүстік Қазақстан спорт-интернат-кол­лед­жі. Онда танымал қазақстандық спортшы Александр Винокуров оқығаны белгілі. Жоба аясында ғимараттың шатыры мен қабыр­ға­лары жылытылып, жылу пункті автоматтандырылды, жарықтандыру балалардың тұруы мен оқуы үшін үнемді жүйемен ауыстырылды.

Көкшетау қаласындағы «Bilim-Innovation» лицей-интернатында, дарынды балаларға ар­нал­ған №3 облыстық мектеп-интернатында және ерекше қажеттіліктері бар бала­лар­ға ар­налған №1 түзету мектебінде де ғима­рат­тар­­ды жаңғырту бойынша қажетті жұ­мыс­тар жүр­гі­зіл­ді. Нәтижесінде жылу мен электр энер­гия­сының шығындарын 10-12%-ға үнемдеу бай­қалады.

Өз кезегінде Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто жекелеген мер­ді­гер­лер мен әкімдіктің жұмыстарды қосымша қар­жыландыру жөніндегі жеке бастамасын атап өтті. Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде ғимараттар қазір энергия тиімділігінің барлық талаптарына жауап береді.

Сондай-ақ сапар қорытындысы бойынша «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік Турчекенов «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы энергия шығындарын үнемдеуді және энергия тиім­ділігін арттыру жөніндегі шаралардың қар­жылық өміршеңдігін көрсететінін атап өтті. Дүние­жүзілік банктің қолдауы арқылы әртүрлі ай­мақ­тардағы 80 әлеуметтік нысан жаң­ғыр­ту­дан сәтті өтті.

«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жоба­сы екі компоненттен тұрады. Біріншіден, бұл мемлекеттiк және әлеуметтiк маңызы бар объек­тiлердің энергия тиімділігін арттыруға бағыт­талған жұмыстар. «Электр энергетикасын дамы­ту және энергия үнемдеу институты» АҚ маман­дарының деректері бойынша энергияның тиім­ді деңгейіне өту мүмкіндігіне мектептер, бала­бақшалар мен ауруханалар ие болды. Мем­ле­кеттік мекемелерді таңдау конкурстық негізде жүргізілді.