• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Медицина 20 Қазан, 2020

7,7 мыңға жуық медицина қызметкері төлем алды

120 рет
көрсетілді

COVID-19-бен күресуге тартылған 7 688 медицина қызметкері коронавирус инфекциясы немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жоға­рыда аталған төлем төле­нетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсау­лық сақтау басқармалары жа­нын­­дағы арнайы комиссия­лар ауырған медицина қызмет­кер­­лерін тексеру нәтижелері негі­зінде анықтайды. Өтінім­дерді жинақтауды Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер элек­тронды іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азамат­тарға арналған үкі­мет» мемле­кеттік корпорациясы» КеАҚ-қа беріледі, содан соң төлем тағай­ындау үшін МӘСҚ-ға жібері­леді.

16 қазан сағат 9.00-дегі жағ­дай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 7 688 медицина қыз­меткерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қай­тыс бол­ған 182 медицина қыз­мет­кері­не қатысты ақшалай қара­жат­ты тағайындау мен төлеуді жүзе­ге асырды. Осылайша тө­лем­­дерді COVID-19-бен күресте қай­тыс болған барлық медицина қыз­меткерлерінің туыстары алды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (1246) және Алматы (863) қалалары жә­не Атырау (645), Қарағанды (552), Шығыс Қазақстан (542) жә­не Ақмола (501) облыстары бо­йын­ша жүргізілді.

Еске сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрі мен Денсаулық сақ­­тау министрінің 9 сәуірдегі «Ден­саулық сақтау ұйым­дары­ның COVID-19 корона­вирус­тық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қар­сы іс-шараларға тартылған қызмет­керлері аталған инфекция­ны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік тө­лемді жүзеге асыру қағидаларын бекі­ту туралы» бірлескен бұйрығына ағым­дағы жылдың 22 шілдесінде енгізілген өзге­рістерге сәйкес, жоғарыда көрсетілген төлем коронавирус инфекциясы немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге; COVID-19 коро­на­вирустық ин­фек­циясын жұқ­тыр­ғаннан, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына 10 млн теңге көлемінде төленеді.