Қазірдің өзінде 8,6 мың қазақстандық қазіргі заманның ең талап етілетін дағдыларын меңгеру үшін Coursera онлайн-білім беру алаңындағы тегін курстарда оқу мүмкіндігін пайдаланды. Бүгінгі таңда тіркелген қатысушылар 10 мыңнан астам сабақ өтті.
Оқытудың ең танымал бағыттары ағылшын тілін (бизнес-ағылшын, ағылшын тілін оқыту технологиялары, жазбаша дағдылар), IT-технологияларды (Python, бағдарламалау негіздері, Adobe Photoshop, HTML және CCS негіздері), кәсіпкерлік дағдыларды оқу (өмір ісін іздеу, өз қаражатына бизнес, компания қаржысы), сондай-ақ SMM құралдарын, фотосуреттерді зерттеу, адами ресурстарды басқару және т.б. болды.
Еске сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Coursera жаппай онлайн-білім берудің жетекші алаңының өкілдерімен уағдаластығы аясында аталған платформада әлемнің жетекші университеттері мен компанияларынан тегін негізде 4 мыңнан астам түрлі курстарға қол жеткізуге мүмкіндік бар.
Оқудан өту үшін 31 қазанға дейін Электронды еңбек биржасы арқылы өтінім беру және платформада тіркелуді растау керек (www.coursera.org).