Қазақ ССР Ғылым академиясының Президенті, академик, ширек ғасыр Қазақстан Республикасының бірінші басшысы болған Мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа Алматы облысында ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы облысының әкімдігінде құрылысты демеушілер қаржыландырғанын айтты.
"15 қазанда Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың ескерткішін орнату жөніндегі барлық тиісті құжаттар тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссиямен қаралып, мақұлданды.
Содан кейін барлық тиісті құжаттар Нұр-Сұлтан қаласына монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комиссиясының қарауына жіберілді.
Қазіргі уақытта Балқаш ауданы Бақанас ауылында бастапқы құрылыс жұмыстары жүргізілуде", деп мәлімдеді басқарма.