• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қазан, 2020

«Арбидол» дәрісі 5000 теңгеден сатылған

614 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары COVID-19 пандемиясы кезінде дәрі-дәрмектерді алып-сатудың және заңсыз айналымға түсірудің жолын кесу жұ­мыс­тарын жүргізді, деп хабарлады akorda.kz.

Дәріханаларда медика­мент­терді қымбат бағада сатуға қа­тысты 1 мыңға жуық дерек тіркелді. Мысалы, Батыс Қазақ­стан облы­сындағы дәріхана­лардың бірінде «Арбидол» дәрі­сінің бағасы шекті деңгейден екі есе жоғарылатылып, бекітілген 2312 теңгенің орнына 5000 тең­геден сатылған.

Сонымен қатар дәріха­на­лардан тыс жерлерде қауіпсіздік лицен­зиялары мен сертификаттары жоқ дәрі-дәрмектер мен меди­циналық бұйымдарды заңсыз сатуға қатысты 300-ден ас­там жағдай анықталды. Со­ның ішінде, Жамбыл облысында дәрі-дәрмектерге жалған қауіп­сіздік сертификаты жасалған және фармацевтикалық қызметке лицензиясы жоқ құны 44 миллион теңге болатын Қырғызстаннан  әкелінген 82 препарат түрін сатуға тосқауыл қойылды.

Жалпы, заңсыз айналымнан құны 230 миллион теңгеден асатын 10 миллион бума дәрі-дәр­мек пен медициналық бұйым тәр­кі­ленді. Анықталған заң бұзу­шылық деректер бойынша 3 сотқа дейінгі тергеу амалдары жүр­гізілуде және 1183 адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің бөлшек сауда­дағы шекті бағасын қою үшін олардың тізімін толықтыру мәсе­лесін пысықтауда. Сонымен қатар медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу кезінде болатын заң бұ­зушылықтарды анық­тауға қатыс­ты кешенді шаралар жалға­суда.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қылмыстық істердің тергелуі Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының қатаң бақылауында.