• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қазан, 2020

Ойлы мүсіндер

475 рет
көрсетілді

Орал қаласында өткен «Ізгілікті қала» симпозиумында жергілікті мүсіншілердің қолынан шыққан 10 шағын мүсін шаһардың шырайын келтіре түсті.

Суретшілер симпозиумы қала күні мерекесіне орай Орал қаласы әкім­дігінің қолдауымен ұйым­дас­ты­­рылды. Демеушілердің күшімен Ақтау­дан арнайы әкелінген ақ тас мате­риалды жергілікті 7 суретші бір ай бойы қашап-жонып, шағын сәулет мүсіндерін жасап шықты.

– Симпозиумға жергілікті талантты суретшілер, Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері Ерғали Бекешов, Бақытқали Оразов, Әшім Тасқалиев, Асхат Әбдешов қатысты. Одақ мүшесі болмаса да шеберлігімен танылған Манас Аққожин, Асылан Серікбаев сынды суретшілер де өнерін ортаға салды. Осылайша «Тұмар», «Бақыт», «Аңыз», «Жанұя», «Суретші», «Музы­кант», «Алан», «Мінәжат» т.б. сан түрлі тақырыпты шағын скульптура аллеясы дүниеге келді, – дейді осы істің басы-қасында жүрген белгілі суретші, Қазақстан Суретшілер одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Қайыр Оразғалиев.

Айта кетейік, Орал қаласында дәл осындай мүсіншілер симпозиумы 2003 және 2015 жылдары ұйымдастырылған болатын. Ол кезде пайда болған мүсін­дер бүгінде Жайық жағасындағы жасыл қаланың ажырамас атрибуттарына айналған.

 

Батыс Қазақстан облысы