• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қазан, 2020

ПТР анықтамасыз келген мемлекеттік қызметші қай ведомствоның қызметкері?

157 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуежайдан ПТР анықтамасыз қашып кеткен қызметкерімен болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ведомство өкілдері ер адам министрліктің қызметкері екенін растады.

"Қызметкерге қатысты тексеру жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданатын болады", деп атап өтті баспасөз қызметі.

23 қазанда Египеттен Нұр-Сұлтанға ұшып келген жергілікті тұрғындардың ПТР анықтамасы болмаған. Олар анықтаманың талдауын тапсыру үшін арнайы автобусқа отыруы керек болатын. Алайда тексеріс кезінде қашып кеткен.

Белгілі болғандай қашып кеткендер ерлі-зайыпты екені анықталды.  Енді тәртіп бұзушыларға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.