• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 27 Қазан, 2020

Ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты

301 рет
көрсетілді

Елордада Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев түркиялық әріптесі Хулуси Акармен кездесті. Екі елдің қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуінде өңірлік қауіпсіздік, әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, соның ішінде кадрлар даярлау және әскери білім беру, жауынгерлік даярлық, оқу-жаттығуларға қатысу мәселелері талқыланды.

 

– Бүгін Түркияның Қорға­ныс министрі Хулуси Акар осы ведом­ствоның басшысы ретінде Қазақ­станға алғаш рет ресми сапармен келіп отыр. Өздеріңіз білетіндей Түркия біздің стратегиялық әріп­тесіміз саналады. Бұл страте­гиялық әріптестіктің берік негізі ең алдымен екі мемлекеттер бас­шы­ларының өте жақын, сенім­ді, достастық қарым-қаты­насы деп білеміз. Осыдан екі жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Түркияға ресми сапа­ры барысында маңызды құжат­тарға қол қойылды. Әске­ри ын­тымақтастық жөнінде және құ­пия мәліметтерді сақтау жөнінде келісім жасалды. Ал енді құ­қық­тық базаны нығайту мақсатында екі протокол да­йындалып жатыр, – деді Нұрлан Ермекбаев.

Осылайша Қазақстан мен Түр­кия қорғаныс саласындағы өзара ынты­мақ­тастықты дамы­туға әзір екендігін растап отыр. Бұл рет­те Қазақстан Түркиямен көп жос­парлы стратегиялық қаты­нас­тарды нығайтуға үлкен мән береді. Екіжақ­ты өзара іс-қи­мылды кеңейтуде біздің мем­ле­­кет­теріміздің басшылары арасын­дағы достық пен өзара түсіністік ахуалы шешуші рөл атқаратынын да айта кеткен жөн.

– Қадірлі әріптесім әрі досым Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен жемісті кездесу өткіздік. Біз екі ел арасындағы қор­ға­ныс мәселесіне қатысты ынты­мақ­тас­тығымыздың ауқы­мын одан әрі кеңейтуді және ны­ғай­та түсуді талқыладық. Мемле­кет­тер басшыларының өзара диа­логы мен тығыз қарым-қатына­сы­ның арқа­сын­да біздің жұмы­сымыз аса жеңіл жүрді деп айта аламын. Осылайша біз қол жет­кізіл­ген келісімдерді жүзеге асыру мә­се­лесін кеңестік. Мен енді Индус­­трия және инфра­құ­рылым­дық даму министрлігіне барып, Бейбіт Атамқұлов мырза­­мен кездеспекпін. Онда біз қор­ғаныс өнеркәсібі туралы әңгі­ме­ле­сетін боламыз. Сондай-ақ осы мүм­кіндікті пайдалана оты­рып, маған және мен бас­тап келген делегацияға зор құр­мет көрсетіп жатқаны үшін әріптесім Нұрлан Ермек­­баевқа шынайы алғысымды біл­­­діремін. Екі ел арасындағы ын­ты­­мақ­тастықты нығай­туға үлесін қосып жүрген қор­ғаныс ведом­с­тво­­­сының басшы­лы­ғына, барша әскери қызметші­лерге алғыс айтамын, – деді Х.Акар.

2018 жылдың қыркүйегінде Қа­зақстанның Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың Анкараға ресми сапары барысында бірқатар маңызды екіжақты құжат­тарға, соның ішінде әскери ынты­мақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Түрік Қа­­рулы Күштері мен Бас штабы алғашқылардың бірі болып Қа­зақ­станның Қарулы Күш­теріне олар­дың қалыптасуы мен дамуының бастапқы кезе­ң­ін­де жан-жақты қолдау көрсетті.

Түрік Республикасы 1990 жә­не 2000 жылдардың басында ұйым­дастыру техникасын, карто­графиялық жабдықтарды, бай­ланыс құралдарын, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомо­биль­дерді қоса алғанда, қазақ­стандық Қарулы Күштер үшін өтеу­сіз негізде әскери мүлік жет­кізді.

Бұдан әрі тараптар көпмақ­сатты жеңіл броньдалған авто­мобильдерді, оптикалық-элек­трон­дық құралдарды жеткізу және бірлесіп өндіру жолымен өзара тиімді өзара іс-қимылға көшті. Әскери білім беру шеңбер­інде Түркияның әскери училище­лерінде курсанттарды оқыту жүр­гізіледі, сондай-ақ Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қыз­метшілерін түрлі оқу орталық­тарында даярлау жүзеге асырылады. 2020 жылға қазақстандық та­рап­тың өтініші бойынша «Ки­бер­қау­іпсіздік» мамандығы бойын­ша оқыту үшін квоталар бөлінді.

Өз кезегінде, өткен жы­лы Қа­­зақстан Қорғаныс минис­тр­­лігі алғаш рет түрік әскери қыз­мет­шілерін Ұлттық қорғаныс универ­ситетінің базасында оқы­туды ұйым­дастырды. Келіс­­сөздер бары­сында осы ба­ғыт­тағы ынты­мақ­тастықты жал­ғас­­тыру туралы шешім қа­был­­данды. Жауын­герлік даярлық саласындағы ынты­мақ­тас­­­тық­тың неғұрлым өзекті бағытта­рының бірі – арнайы опе­ра­ция­лар күштерін даярлау (дивер­сияға қарсы, тау-кен, сүң­гуірлік даярлық, қалалық жағ­дай­лардағы іс-қимылдар).

Қазақстандық әскери қыз­мет­шілердің Түркия аумағында қысқы кезеңде төмен температуралар кезінде өткізілетін «Эфес» көпұлтты оқу-жат­тығуы­на және «Кыш» оқу-жат­ты­­ғуына қаты­суы жауынгерлік даяр­лық дең­гейін арттыруға, сон­дай-ақ әр­түрлі жағдайларда жа­уын­герлік іс-қимылдар дағ­ды­­ларын пысық­тауға мүм­кін­дік береді.

Кездесу соңында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Түркия Қорғаныс министрінің Қазақстанға сапарының қоры­тын­дылары әскери және әске­ри-техникалық саладағы екі­жақты өзара іс-қимылға жаңа серпін беретінін және қауіп­сіздік мүд­делеріне қызмет ете­тінін атап өтті.