Павлодар қаласында жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолында екі жасөспірімді қағып кетті. Жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"26 қазанда сағат 18.35-те Volkswagen Passat автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі Павлодар қаласында Павлов көшесіндегі 67-үйге қарама-қарсы реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жүріс бөлігін кесіп өткен екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірімдер жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сондай-ақ полиция өкілдері көліктің айыппұл тұрағына жіберілгенін және тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.