• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қазан, 2020

Түркістан облысында заңсыз қару сақтаған тұрғын анықталды

290 рет
көрсетілді

Түркістан облысында заңсыз қару сақтаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Төле би аудандық полиция бөлімінің кезекшілігіне жергілікті тұрғынның заңсыз қару сақтауы мүмкін екені туралы ақпарат келіп түсті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. Осы іс бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын бастап кетті.

Нәтижесінде күдікті азамат Төле би ауданында өз үйінен ұсталды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу барысында анықталғандай күдікті қаруды өзінің жатын бөлмесіндегі кереует жанына жасырып қойған. Жасырылған қару 16 калибрлі шолақ аңшы мылтығы мен екі дана оқ-дәрі. Күдікті қаруды аңға шығу мақсатында қолданатынын айтты.

Сондай-ақ күдіктінің бұрын басқа да қылмыстарға қатысы бар жоқтығы анықталуда. Бас шарасы қолхатта. Түркістан облысының полицейлері заңсыз қаруды алып жүрмеуді, сонымен қатар тіркелмеген қару болса полицияға тапсыруды ескертеді.