• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қазан, 2020

Хосеп Бартомеу отставкаға кетті

398 рет
көрсетілді

Хосеп Бартомеу испандық "Барселонаның" Президенті қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Мен бүкіл директорлар кеңесімен бірге отставкаға кеткенімді хабарлаймын. Бұл менің барлық әріптестеріммен келісілген шешім. Соңғы уақытта болған оқиғалар барлық шекарадан асып түсті. Маған, менің отбасыма және әріптестеріме қауіп төнді. Өз клубыма қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе болды", деп жазды Бартомеу Twitter парақшасында.

Бартомеу 2014 жылы Сандро Россельдің орнына "Барселонаның" президенті болып келді. Оның президенттігі кезінде клуб Чемпиондар Лигасын, төрт рет ұлттық біріншілік пен Ұлттық Кубокты жеңіп алды. Бірақ осы жылы клуб жанкүйерлерін қуанта алмады. Чемпиондар Лигасында "Барса" "Бавариядан" 2:8 есебімен ұтылып, чемпионатта екінші орын алды. Ал өткен демалыс күндері Эль-Класикода мадридтік "Реалдан" жеңіліп қалды.