• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Медицина 29 Қазан, 2020

Калачи синдромының себебі неде?

415 рет
көрсетілді

Калачи ауылындағы «ұйқы ауруының» себептерін ұзақ уақыт зерттеп келе жатқан профессор-эпидемиолог Байрон Крэйп бастаған Назарбаев Университеттің ғалымдар тобы 2012 жылдың соңы мен 2015 жылдың қазаны аралығында ауыл тұрғындарының неге кенеттен ұйқыға кеткені туралы өз болжамдарын алға тартты.

 

«Калачи синдромын зерттеуде біз модельдеудің ғылыми әді­сін қолдандық. Мұның мақсаты – заңдылықтарды табу. Біз «ұй­қы ауруымен» ауыратындар мен ауырмағандар арасындағы айыр­машылықтың неде екенін егжей-тегжейлі зерттедік. Ұзақ жасалған талдау барысында аурудың та­маққа, созылмалы ауруларға немесе ауыл тұрғындарының зиянды әдеттеріне байланысты болуы мүмкін деген ондаған гипотезалар­ды жоққа шығардық. Бірақ содан кейін Калачидің барлық тұр­ғын­дары суды бір көзден алатынын, яғни оны ауыл тұрғындарына сататын жергілікті тұрғынның жер асты сорғысынан ішетінін білдік. Әрине, су ақшаға сатып алынады. Сондықтан үй жануарларына бұл су берілмеді. Жануарлар өзен суын ішті, бұл олардың неге ұйық­тамағанын түсіндіреді», деді профессор Крейп.

Осылайша, ғалымдар судың химикаттармен улануы мүмкін деген қорыт­ындыға келді. Ағзаның химия­лық интоксикациясы Калачи тұр­ғындары сипаттаған белгілерге ұқ­сас – бас айналу, әлсіздік, «мас бо­лу» және тіпті галлюцинация сияқ­ты белгілерімен де болуы мүм­кін.

«Химикаттар ауыз судың құ­рамына, мысалы 80-жыл­дардың аяғынан бастап бос қалған уран кеніштері арқылы түсуі мүмкін. Әске­рилер химиялық қалдықтарды тастауы немесе кен орындары сти­хиялық қоқыс жинау орындары ретінде қолданылуы ықтимал. Онда химия­лық қару жасалып, жеке хи­микат-қалдықтар жерге көмілген болуы мүмкін», дейді профессор Крейп.

Ғалым ілкіде химиялық қал­дық­тардан көбінесе бөш­ке­лерге немесе баррельдерге са­лып құтылғанын айтты. Ре­зервуар­лардың металын уақыт өте келе тот басады, бөшкелер тесіледі, салдарынан у жерасты су­лары­на түсуі мүмкін. Бұл сценарий Ка­лачи ауылында да жүзеге асы­рылған іспетті. Ғалымның пайымынша, аурудың барлық кезеңінде 2012 жылдың соңынан 2015 жылға дейін бөшкелердегі немесе баррельдердегі химикаттар толығымен суға түсіп, құрғап кетуі мүмкін.

Ауылда «ұйқы ауруы» соңғы уақытта пайда болмағандықтан, жақын маңдағы уран кеніштерінің біріне түсу арқылы ғана ғалым­дардың гипотезасын растау не­месе жоққа шығару мүмкін бол­мақ. Оған адамдарға түсу өте қауіп­ті, ескі кен орны кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін. Сон­дықтан ғалымдар Назарбаев Уни­верситеттің Инженерия және цифр­лық ғылымдар мектебімен бір­лесіп, арнайы ұшқышсыз ұшақ жасап, сынамалар алу үшін аппаратты уран кен орындарына түсірмек.

Алайда қазір Калачи ауылында «ұйқы ауруы» бойынша зерттеу жұмыстары COVID-19 пандемиясына байланысты уақыт­ша тоқтатылған.

Айта кетелік, Назарбаев Уни­вер­ситетінің докторы Байрон Крэйп­тің зерттеу жобасы Kalachi Syndrome Research Project деп ата­лады. Командада жоғары оқу орнының 4 профессоры және НУ Ме­дицина мектебінің 6 студенті бар. 2015 жылы басталған зерттеу үшін статистикалық талдау мен мо­дельдеудің ғылыми әдісі таң­дал­ды. Бүгінгі таңда оған Калачи және Красногор ауылдарынан 202 отбасы қатысты.

Калачи – Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл. Бұл ай­мақ тү­сініксіз ауруға байланыс­ты бү­кіл әлемге әйгілі болды. Тұр­ғын­дар бір­неше күн бойы ұйық­тап, оян­ғаннан кейін есін жоғал­ту, гал­лю­цинация белгілеріне ша­ғым­­дан­ды. Бұл мәселені зерттеу үшін ауада оттегінің жетіспеуі, тұн­­шық­тыратын газдың көп шо­ғыр­­лануы, радиацияның жоғары дең­гейі, радон көздері және басқалар сияқты, «ұйқы ауруы­ның» әртүрлі белгілерін атап көр­сеткен әлемдік сарапшылар тар­тылды. Алайда ресми дәлел­дер табылған жоқ. «Ұйқы ауруы­ның» соңғы жағдайы 2015 жылы тіркелді.