• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қараша, 2020

ШҚО-дан шығу үшін ПТР тест тапсыру міндеттелді

420 рет
көрсетілді

Ертеңнен бастап Шығыс Қазақстан облысынан шығушылардың өзімен бірге коронавирусқа теріс ПТР анықтамасы болуы керек, деп хабарлайды Egemen.kz.

"2020 жылдың 2 қарашасынан бастап ШҚО-дан Қазақстанның басқа өңірлеріне әуе немесе теміржол көлігімен баратын жолаушыларда коронавирусқа теріс нәтижелері бар ПТР анықтамасы болуы тиіс. ПТР талдау анықтамасының қолданылу мерзімі нәтижелерді алған сәттен бастап 3 тәуліктен аспауы қажет", деді Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Оның айтуынша, бұл талап 5 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

"Өскеменнен немесе Семейден Қазақстанның басқа өңірлердің әуежайына ұшып келген кезде ПТР талдау анықтамаларын тексеру жүргізілетін болады. Сонымен қатар бұл теміржол қатынасында да жүргізіледі", деді ол.

Сәдуақас Байғабылов ПТР талдау анықтамасынсыз жолаушылар анықталған жағдайда тасымалдаушыларға айыппұл салынатынын ескертті.