Венесуэла Ұлттық парламенті (ассамблея) ел президенті Николас Мадуроға ерекше өкілеттік берді. Бұл туралы ИА REGNUM порталы хабарлады.
Венесуэла президентіне ел басқару ісінде ерекше артықшылық беретін заң жобасын Ұлттық парламент мүшелері екінші оқылымда мақұлдаған.
Бұл заң бойынша мемлекет басшысы маңызды декреттерді, жоғарғы өкіметтің қаулыларын парламенттің қатысуынсыз қабылдай береді.
Венесуэла Ұлттық парламентінен ерекше өкілеттік алған Николас Мадуро енді ел экономикасына қауіп төндіретін күштермен, сыбайлас-жемқорлықпен ымырасыз күреспек. Сондай-ақ, алыпсатарлар мен жеке кәсіпкерлерді де қатаң бақыламақ. Мадуроның ойынша, өзіне берілген ерекше өкілеттіксіз Венесуэлада социализм орнату мүмкін емес.
Жолдыбай Базар.