• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қараша, 2020

Педиатрия орталығы 30-дан астам баланың ағзасын сақтай отырып, ота жасады

292 рет
көрсетілді

Алматыдағы Педиатрия және балалар хиургиясы ғылыми орталығының хирург-дәрігерлері сирек кездесетін бауырдың қатерлі ісігіне шалдыққан 30-дан астам баланың ағзасын сақтай отырып, осынау оталарды сәтімен жүзеге асырды.

Гепатобластома – ерте бастан дамитын эмбриональды бауырдың сирек кездесетін қатерлі ісігі. Елімізде жыл сайын 15 жасқа дейінгі 1 миллион баланың біреуінде гепатобластома бар екені анықталады. Бұл жылына 5-6 жағдайға сәйкес келеді. Яғни, 90% жағдайда ісік 5 жасқа дейін анықталады және жасына байланысты аурудың екі үдемелі кезі бар: біріншісі туыла сала немесе бір айлығында, одан кейін 16–18-ші айларында өршиді.

Мамандар гепатобластома әдетте бауырдың оң жақ бөлігіне әсер ететін ескертеді. Және ол ақшыл-сары түсті бір немесе бірнеше түйіндерден тұрады, капсулалары жоқ, бауыр тініне еркін еніп, өт шығаруға қабілетті. Бірақ бауырдың екі жақ бөлігіне де зақым келуі мүмкін.

"Бүгінгі таңда балалардағы гепатобластоманы ерте анықтаудың негізгі мәселесі – ісіктің сирек кездесетіні және пациенттердің өте кішкентайлығында болып отыр. Сондықтан бұл кейде диагноз қоюда қиындықтар туғызады және ісік бүкіл бауырға әсер етіп, метастаздары болған кезде асқынуға әкеледі. Сондықтан балалардағы осы патологияны уақтылы анықтау тұрғысынан қоғам мен дәрігерлердің көңіл бөлуін, қырағылығын арттыру маңызды. Өйткені дер кезінде жасалынатын химиотерапия мен хирургиялық емдеудің заманауи әдістері өмірді ұзартып, кейбір жағдайларда тіпті толық қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда химиотерапия мен орган сақтайтын ота жасауға дейінгі курстарды қолданудың арқасында балалардағы гепатобластоманы емдеудің тиімділігі 90%-ды құрады. Педиатрия және балалар хиургиясы ғылыми орталығында соңғы 7 жыл ішінде балалардағы бауыр резекциясы бар қатерлі ісігіне 30-дан астам ота жасалды", дейді Педиатрия орталығының Хирургиялық блок басшысы, хирург-дәрігер, Константин Хаиров.  

Гепатобластоманың дамуының бастапқы кезеңі айқын симптомдарсыз жүреді, көңіл бөлетін белгілер балада іштің ұлғаюы, тығыз ісінудің пайда болуы (көбінесе оң жақта) және ауырсыну белгілері болуы мүмкін. Гепатобластоманың өршуі тәбеттің жоғалуымен, дене салмағының төмендеуімен, жүрек айнуымен, әлсіздікпен қатар жүреді. Диагноз кеш қойылған жағдайда гепатобластома жасушалары гематогенді жолмен өкпеге, миға, сүйектерге және іш қуысына метастаздар түзе алады.

Бұл ота клиникада 2013 жылдан бері жасалынып келеді.

 

 

АЛМАТЫ