• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2013

Асқазанына героин салған жүкті әйел ұсталды

327 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында асқазанына героин салып алып келе жатқан екіқабат келіншек қолға түсті.

Бұл аймақта бір аптаның ішінде осындай тәсілмен героин алып бара жатқан екін­ші адам құрықталды. Бір ерекше сал­мақ салып айтатыны, бұлардың екеуі де екі­қабат келіншектер болып шықты. Тек­сере келгенде, соңғысының есірткіні Тәжік­станнан әкеле жатқаны анықталды. Ал жас келіншектің улы ақ ұнтақты ішіне жасы­рып келе жатқанын полицейлер рентген ар­қылы байқап қойыпты. Сондықтан тәртіп сақшылары оның дәретке шығуын күтіпті.

Асқазаннан алынған героиннің салмағы 42 грамнан артық шыққан. Мұнша мол есірткіні ол тәжік жерінде 600 долларға сатып алыпты. Сөйтіп, бірнеше күннің ішінде «табысын» Қарағанды облысына жеткізбекші болыпты.

Осы жерде бұл әйелдің неге осын­ша­лықты жанкештілік жасағанына қайран қаласың. Егер көздеген жеріне жетпей жа­тып, асқазандағы героин салынған қалта жыртылып кетсе, іштегі шарананың бірден жоқ болуы өз алдына, келіншектің өз өміріне үлкен қауіп төнген болар еді. Ал мұндай жағдайлар қазір ара-тұра кездесіп қалып жүр. Міне, осыны біле тұра, 26 жа­сар жүкті келіншек бар-жоғы 50 мың тең­ге­ге бола осындай үлкен тәуекелге барыпты.

Қазір тасымалдаушы да, тапсырыс берген мақтааралдық 25 жасар жігіт те құлып астына алынды.

«Бұл осы аптаның ішіндегі екінші оқиға. Екі дерек бойынша да екі екіқабат әйелдер қолға түсіп, жауапкершілікке тартылғалы отыр. Өткен апта ішінде 7 айлық баласы бар 1995 жылы туған азаматша ұсталса, енді бойына 4 айлық нәресте жүктеген келесі келіншек торға түсті», – деді Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар