• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2013

Замандар көшеді, көршілер қалады

310 рет
көрсетілді

Қостанай қаласындағы «Достық үйінде» өткен дөңгелек үстел мәжілісінің түйіні осы ойға келіп тірелді. «Замандар көшеді, көршілер қалады». Кеңқолтық қазекең көрші хақысына жіті қараған. «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын», деген ғой. Көршілікке, жақсы көңілге шекараның қызыл сызығы да кедергі емес.

 

Қостанай қаласындағы «Достық үйінде» өткен дөңгелек үстел мәжілісінің түйіні осы ойға келіп тірелді. «Замандар көшеді, көршілер қалады». Кеңқолтық қазекең көрші хақысына жіті қараған. «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын», деген ғой. Көршілікке, жақсы көңілге шекараның қызыл сызығы да кедергі емес.

Ресейдің іргелес Қорған, Челябі облыстары Қостанаймен қашаннан араласып-құраласып жатады. Талай заманның желі қатар жатқан орыс пен қазақтың басынан бірдей өтті. Шекараның іргесінде болғандықтан, Ресейдің осы екі облысында да қазақтар аз емес. Ал Қостанайда орысың толып жүр.

Бұл жолы Қостанайға Зау­ра­лье халықтары Ассам­блея­сы кеңесінің төрағасы Вла­ди­мир Уфимцев Қорған облы­сы­­ның делегациясын бастап келді, ал Челябіден облыстық «Че­лябинский рабочий» газеті ре­дакторының орынбасары, ха­лықтар достығы тақырыбына қалам сілтеп жүрген журналист Лев Лузин келіп қатысты. Қорған делегациясының құрамында қан­дасымыз, Қорған облысы қазақ­тарының ұлттық-мәдени автономиясы төрағасының орынбасары Жақсылық Шайкенов те бар.

Дөңгелек үстелге қатысқан ре­сейлік қонақтар мен облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, журналистер «Ресей мен Қазақстанның шекаралас облыстарының ақпараттық ынты­мақтастығы» деген тақырып тө­ңірегінде ойларын ортаға салды.

– Қорған мен Қостанайдың іргесі ажырап көрген емес. Ке­ңес Одағынан бұрын, Кеңес Одағы кезінде, одан кейін әр­қай­сымыз өз алдымызға тәуелсіз ел болғанда да қос халықтың көршілік көңіліне қаяу түспеді. Өйткені, қатар жатқан екі об­лыстың тұрғындары туыс, аға­й­ын. Біреудің інісі Қорғанда тұрса, ағасы Қостанайды жайлап отыр. Бұл – өмір, оған ешқандай саясаттың қатысы жоқ. Қорғанда 20 ұлттық-мәдени автономия бар. Солардың арасындағы белсендісі де – қазақтар, – деді Зауралье ха­лықтары Ассамблеясы кеңе­сінің төрағасы Владимир Уфимцев.

Қазақстанда халық Ас­сам­блеясы 1995 жылы құрыл­­ды. Елдің экономикасы тұралаған қиын жылдар еді. Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев бірлік болса, тірлік болатынын ойлады. Ресейде халықтар Ассамблеясы 2000 жылы құрылды. Челябілік әріптесіміз Лев Лузин Қоста­най­дағы Достық үйіне қызыға қарайтынын жасырмады. Қорған мен Қостанай облысының саяси-экономикалық байланыс­тары берік. Жыл сайын екі облыс­та жастар фестивалі кезек өтеді. Осы мәжілісте фило­со­фия ғы­лымдарының кан­ди­даты Қал­қаман Жақып гео­гра­фия­лық тұр­ғыдан мәңгі көрші, эко­но­ми­ка­лық тұрғыдан мәңгі әріп­тес, қор­ғаныс жағынан мәңгі одақтас ресейліктермен түрлі шараларды әлде де қолға алуға болатынын айтты.

Қазір Қазақстанда туризм енді дамуға бет алып келеді. Мұны екі жақтың да жастары, оқу­­шылары арасында қол­ға алған дұрыс. Екі жақтың сту­дент­терін археологиялық, тарихи зерттеу жұмыстарында ын­ты­мақтастыруға болады, – деген ғалымның ұсынысы көпке ұна­ды. Қостанай облысындағы кіші ассамблея жанындағы сарап­тамалық топтың мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл, еңбек ардагері Өмірзақ Ихтиляпов халықтар достығына сына қаққысы келе­тіндердің та­­бы­латындығын, көрші екі ха­лық­ты, екі елді жаман ниет­тер­­ден сақтау үшін барлық жағ­­­­дай­ды жасау керектігін тілге тиек етті.

Достық тақырыбы жібек жіптей судырап өрілген мәжі­ліске қорғандықтар құрқол келмепті. Владимир Уфимцев «Костанайские новости» га­зетінің редакторы Сергей Хар­ченко мен облысқа белгілі ша­руашылық ұйымдастырушы, кәсіпкер Өмірзақ Ихтиляповке Зауралье халықтары Ассам­блея­сының «Алтын медалін» табыс етті. Сергей Васильевич – Қостанайдағы, Қорғандағы халықтар достығына дәнекер болып жүрген тұлғалардың бірі. Ал Өмірзақ Бекділдаұлы Қор­ғандағы мұсылман мешітін, православие шіркеуін салуға, сондағы қазақ диаспорасы ақсақалының қажылыққа баруына, Қостанай облыстық газеттерін сондағы ағайындарға жаздырып беруге демеушілік көрсеткен еді.

– Біздің халықтар өмірлік тәжірибе мектебінен өткен. Аштық, қуғын-сүргін, соғыс, одан қалды тың көтеру – осы­ның барлығы да достықсыз, бір­ліксіз өмір болмайтынын көрсеткен еді. Ресейліктермен ішкен суымыз, жұтқан ауамыз бір. Толеранттылық демей-ақ, бір-бірімізге құрметпен, сыйластықпен қарасақ, баға­ласақ, міне, бәрімізге ортақ бай­лық осы. Ал бүгінгі мәжіліс – нағыз халықтық дипломатия болды, – деп мәжілісте бір ауыз сөз алған қостанайлық профессор Владимир Гершуннің лебізі осы кездесудің әділ бағасындай еді.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.

Соңғы жаңалықтар