• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2013

Денис Тен Италияда топ жарды

286 рет
көрсетілді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен кеше таңертең Италияның Мерано қаласында өтіп жатқан Merano Cup халықаралық турнирінде ерлердің жекелей өнер көрсетулері бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

 

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен кеше таңертең Италияның Мерано қаласында өтіп жатқан Merano Cup халықаралық турнирінде ерлердің жекелей өнер көрсетулері бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

Біздің спортшы бұл жарыста 231,12 балл жинап, жапон Дайсуке Мураками (222,89) және итальян Паоло Бачини (189,07) сынды бас­ты қарсыластарын шаң қаптырып кетті.

Міне, осы жарыс аяқталар-аяқ­тал­мастан Денис кеше тағы бір осын­дай беделді турнирге қатысу үшін Австрияға ұшып келді. Ол Грац қаласында 20-24 қараша күн­дері өтеді. Түнде онда ерлер мен әйелдердің жеке сырғанаулары бойын­ша сайыс басталды.

Айта кетуіміз керек, Денис Тен­нің үстіміздегі жылы Канадада өткен әлем чемпионатында қол жет­кізген күміс медалі арқа­сында Қазақстан Сочиде 2014 жыл­дың ақпан айында өтетін қыс­қы Олим­пиялық ойындарға екі мә­нерлеп сырғанаушы қоюға мүмкіндік алған болатын. Бұл орын­дар Денистің өзінен бөлек Аб­зал Рақымғалиев есімді тағы бір спорт­шымызға беріліп отыр.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Соңғы жаңалықтар