• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2013

Кемерово депутаттары шетел азаматтарына асырауға бала беруге тиым салды

274 рет
көрсетілді

Ресейдің Кемерово облысы парламентінің депутаттары мемлекеттік думаға ресейлік балаларды шетел азаматтарының асырап алуларына тиым салу жөнінде заң жобасын ұсынды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

2013 жылғы 1 қаңтарда Ресейде ел балаларын АҚШ азаматтарының асырап алуларына тиым салу жөніндегі заң күшіне енген болатын. Ал 2013 жылғы шілде айында РФ президенті некеде тұрған бір жынысты азаматтардың елден бала асырап алуларына тиым салатын заңға қол қойды.

Кемерово депутаттары ұсынып отырған заң жобасы Ресейдегі жетім балалардың шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың асырауына берілмеуін қарастырады. Ресей балалары шетел азаматтарының асырап алуларына тек олардың арасында туыстық қатынас болған жағдайда ғана беріледі. Бұл заң Кемерово облысы парламентінің сессиясында қабылданды. Алайда, облыстық прокуратура заңды федералды заңнамаға қарама-қайшы деп тауып, оған қарсылық білдірген болатын.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар