• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Білім 05 Қараша, 2020

Меморандумға қол қойды

493 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Білім және ғылым министрлігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы, саяси ғылымдар докторы, профессор Махмұт Қасымбеков қатысты.

Аталған құжат Елбасының идеялары мен бастамаларын ілге­­рілетуді, бірлескен мәдени-­білім беру, ғылыми-ізденіс жо­ба­лар­ды іске асыруды көздейді. Ме­морандум аяғын­дағы негізгі серіктестік зерттеу бағ­дар­ла­маларын, ғылыми-прак­тикалық іс-шараларды (конфе­ренция, фо­рум, семинар, тағы басқа) ұйым­дас­ты­­руға, ақпарат алма­суға не­гіз­делген екен.

Қол қойылған құжаттың ма­ңызы жайлы  Елбасы кітапха­на­сының басшысы Ә.Рахымжанов: «Ынтымақтастық меморандумы Тұңғыш Президенттің жа­һандық идеялары мен ішкі және сыртқы саясат бастама­ларына ақпараттық-имидж­дік қолдау көрсетуге, Қазақ­стан­ның да­муына, жалпы әлем­дік қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға қосқан Елба­сының үлесін жан-жақ­ты зерттеуге бағытталған» десе, ке­лесі кезекте өз ойын біл­дір­ген Білім және ғылым министрі Асхат Айма­ғамбетов: «Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында елі­міздің тарихы тұнып тұр. Елба­сының «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында балалар соңғы технологиялармен жабдық­талған мекемеде құнды ақпа­ратпен білімін тереңдете түсері анық. Бұл бағытта үлкен жұмыс атқарылды. Жауапты іс жалғасын таба бермек. Музейге мектеп, колледж, жоғары оқу орындарының білім алушылары келетін болады. Дөңгелек үстел, симпозиум, конференция сияқты шаралар өткізіледі.  Жоспарланған жұмыс ау­қымы үмітті ақтайтынына сене­мін», деген пікірін жеткізді.

Іс-шара барысында «Қазақ­стан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назар­баевтың әлемнің же­тек­ші уни­вер­ситеттерінде оқы­ған дәріс­тері» кітабының басы­лымдық және электронды нұсқа­лары­ның тұсауы кесілді. Жоба­ның бас редакторы – Қазақ­стан Рес­публикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы, саяси ғылымдардың докторы, профессор Махмұт Қасымбеков.

Қатысушылардың назарына кітаптың мазмұнын, мақсат-міндетін таныстыратын бейнеролик ұсынылып, шара аясында әлемнің жетекші универ­ситеттерінде Елбасының сөз сөйлеген сәттері көрсетілді.