• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 05 Қараша, 2020

Қазақстан Елшісі Оман Сұлтанына сенім грамоталарын тапсырды

303 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Нәжмедин Мұхаметәліұлы Оман Сұлтаны Хейсам бен Тариқ әл-Саидке сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салтанатты рәсім барысында дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемдемесі мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстан тарапының ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Осы ретте, екі ел арасындағы экономикалық, инвестициялық және мәдени әрекеттестікті одан әрі кеңейту мақсатында үкіметаралық комиссияны құрудың маңыздылығы айтылды.

Өз кезегінде, Сұлтан Хейсам бен Тариқ Қазақстанды өз елінің сенімді әрі маңызды әріптесі ретінде қарастырып, екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай тереңдетуге әзірлігін жеткізді.