• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 06 Қараша, 2020

Пандемияның отандық мұнай-газ өндірісіне әсері

713 рет
көрсетілді

Жыл басындағы мұнай өңдірісінің ОПЕК квотасына байланыс­ты туындаған Сауд Арабиясы мен Ресей арасындағы жанжал, осыдан кейін пайда болған коронавирус пандемиясы мұнай мен газдың жаһандық өндірісі мен оларды өткізу мәселесін қиындатып жіберген болатын.

Жуықта ғана «Қаз­Мұ­найГаз» ұлттық компа­ния­­сы» АҚ 2020 жылдың тоғыз айын­­дағы өндірістік нәтиже­лерін жария етті. Компания есе­бінен аталған салдардың Қазақ­­стан экономикасының бас­ты тірегі болып отырған салаға, соның ішінде отандық компания көрсеткіштеріне қалай әсер еткенін аңғарамыз. Енді сол көрсеткіштерді талдап көрейік.

Есепте баяндалғанындай, 2020 жылдың тоғыз айында ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2019 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 6,6%-ға азайып, 16 423 мың тоннаны (тәулігіне 449 мың баррель) құрады. Ілеспе және табиғи газды өндіру деңгейі 0,9%-ға, яғни 6 173 млн текше метрге дейін төмендеді.

Осының ішінде Теңіз кен орнындағы компания үле­сіндегі мұнай өндіру 2019 жылдың тоғыз айымен салыс­тырғанда 8,2%-ға қысқарып, 4 032 мың тон­наны (тәулігіне 117 мың баррель) құрады. Ал газ өндіру 6,9% -ға кеміп, 2 238 млн текше метрді құрады. Мамандардың айтуы бойынша бұған мұнай өндіру деңгейіне ОПЕК+ келісімінің шектеулері елеулі әсер етті.

Керісінше Қашаған кен орнындағы компания үлесін­дегі мұнай өндіру деңгейі 13,8%-ға немесе 954 мың тон­наға дейін (тәулігіне 28 мың баррель) өскен. Табиғи және ілеспе газды өндіру 14,6%-ға ұлғайып, 576 млн текше метрді құраған. Мамандардың айтуы бойынша мұндағы мұнай және газ өндіру 2019 жылы жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары­ның нәтижесінде артты. Бұл теңіз және жерүсті ке­шендерінің пайдалану коэф­фициентін ұлғайтуға, айдау қорын 4 ұң­ғымадан 6 ұң­ғымаға дейін көбей­туге, мұнай технологиялық желі­­лерінде қосымша ребойлер қон­дырғыларын орнатуға, сон­дай-ақ жаңа ұңғымаларды қолданысқа енгізуге мүмкіндік тудырды. 2020 жылдың то­ғыз айында Қашаған кен орнын­дағы орташа тәуліктік жалпы өндіру (шетелдік команиялар үлесін қоса есептегенде) 100% деңгейінде сақталып, тәулігіне 333 мың баррельді құраған.

Қарашығанақ кен орнында ҚМГ-ның мұнай және конденсат өндіру көрсеткіші тоғыз айда 7,4%-ға ұлғайып, 816 мың тоннаны (тәулігіне 23 мың баррель) құрады. Газ өндіру деңгейі 1 501 млн текше метрді құрап, 2019 жылдың тоғыз айындағы деңгейден 7,9%-ға жоғары болды. Бұған 2019 жыл­дың қыркүйек-қараша айларында нысандардың алдын ала жүргізілген жоспарлы жөндеу жұмыстарынан кейін Қарашығанақ өңдеу кешенінің (ҚӨК) өндірістік нысандарын және Газды кешенді дайындау қондырғыларын (ГКДҚ-2 және ГКДҚ-3) жаңғырту ықпал етті.

Ал енді мұнай тасымалдау көлеміне келсек, мамандар мұндағы ҚМГ операциялық үлесіне қатысты әрбір жеке құбыр компаниясының тасымалдау көлемі ескерілетінін айтады. Өйткені мұнай кө­лемі­нің бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы та­сы­малдауы мүмкін және сәй­к­есінше бұл көлемдер мұ­най тасымалдаудың шоғыр­ландырылған көлемін ескере отырып есепке алынады. Осындай есеп бойынша «ҚазТрансОйлдың» мұнай та­сы­малдау көлемінде 90% мөл­шерінде, нақты иелену үлесі кезінде 100% ҚМГ опе­рациялық үлесі ретінде пайдаланылады.

Міне, осындай есеппен алғанда магистралды құбыр­лар бойынша мұнай тасымалдау көлемі сөз болып отыр­­ған тоғыз айда 4,6%-ға қыс­қарып, 48 015 мың тоннаны құрады. Мамандардың ай­туынша, бұл көрсеткіштің төмен­­деуіне 2020 жылдың қаң­тарында мұнай құрамында хло­рорг­аникалық қоспалар­дың шама­дан тыс мөлшерде анық­талуының салдарынан «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дан мұнайды шектеулі жеткізу және мұнай құбырлары жүйе­сіне Құмкөл кен орындары тобы­ның мұнай өндіру дең­гейі­нің табиғи түрде кемуі сал­­дарынан мұнай тапсыру көле­мінің азаюы және ОПЕК+ келісімі шеңберінде мұнайды шектеулі өндіру әсер етті.

2020 жылдың тоғыз айында мұнайды теңізбен тасымалдау көлемінің 13,9%-ға, 7 210 мың тоннаға дейін төмендеуі жүк тиеу кідірісінің, соны­мен қатар ауа райының қолай­сыз жағдайлары салдарынан Жерорта теңізіндегі тасымалдау көлемінің азаюына байланысты болды.

2020 жылдың тоғыз айын­да ҚМГ магистралды газ құбыр­лары арқылы газ тасымалдау кө­лемі 14,7%-ға немесе 63 448 млн текше метрге де­йін тө­мендеді. Оның тө­мен­­деуі негізінен Қытайға жө­нел­тілетін ортаазиялық газ­дың транзиттік көлемінің азаюы­на, Қазақстан аумағы ар­қылы «Газпром» ЖАҚ ресей­лік газдың транзиттік ағын­дарының төмендеуіне және Ресейге газ өндіру деңгейінің кемуі себебінен Теңіз газы экс­портының азаюына байланысты болды.

Жоғарыда сөз болған бұл жағдайлар көмірсутек шикі­затын сату мәселесіне де әсер еткенін айтуымыз керек. 2020 жылдың то­ғыз айында ҚМГ-ның өзі өн­дір­­ген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі өткен жылдың осын­­дай кезеңімен салыс­тыр­ғанда 4,5%-ға азайып, 17 011 мың тон­­наны құрады. Ал оның 71%-ы экс­п­ортқа шығарылды. Өзі өн­дір­­ген мұнайды ішкі нарық­қа жет­кізу көлемі 4 955 мың тон­­на­ны құ­рады, соның ішінде мұ­най­ды әрі қарай өңдеу және мұнай өнім­дерін сатуға опе­ра­циялық ак­тив­тердің («Өзенмұ­найгаз», «Ембі­мұнайгаз» және «Қазақ­түрік­мұнай») шикі мұнайының 2 500 мың тоннасы Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді.

2020 жылдың тоғыз айын­да тауарлық газды сату көле­мі 2019 жылдың бірінші жар­ты­жылдығында сатылған көлем­мен салыстырғанда 1,5%-ға қысқарып, 15 498 млн текше метрді құрады. Тауарлық газдың экспорты 5 936 млн текше метр­ге жетті, оның 88%-ы 2018 жыл­дың қазан айын­да Қытайға табиғи газды 10 млрд текше метр дейінгі көлемде жеткізу тура­лы қол қойылған келісімнің шеңберінде Қытайға экспортқа жіберілді. Пандемия салдарынан 2020 жылдың тоғыз айында Қытай бағытына жөнелтілген газ экспорты жоспарланған кө­лем­нен төмен болды, бірақ өткен жылдың тоғыз айын­дағы көрсеткіштермен салыс­тырсақ, нақты экспорт көлемі өзгермеді.

Сонымен, қорыта айтқанда, келтіріл­ген бұл көрсеткіштер отандық мұнай-газ саласының дамуға бейім екенін, бірақ соған қарамастан, әлемді кернеген пан­демия мен халықара­лық кикіл­жің­дердің еліміздегі мұнай мен газ өн­дірісіне теріс ықпалын тигі­зіп келе жат­қанын дәлелдей түседі.