Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен коронавирусқа қарсы күрес штабының отырысында өңірдегі эпидемиялық ахуал талқыланды. Жағдай толық бақылауда дегенмен, күн сайын індет жұқтыру көрсеткішінің көбеюі алаңдатып отыр.
Күре жолдық медициналық құтқару бекеті – жол-көлік оқиғалары кезінде уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жоба. Мұндай құтқару бекеттерінің әр біреуінде дәрігер, фельдшер, диспетчер, құтқарушы және жүргізуші-құтқарушы жұмыс істейді. Бекет арнайы медициналық техникамен, медициналық мүлікпен, апаттық-құтқару кешенімен жабдықталған. Олар жол көлік оқиғасы орын ала қалса, зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетіп, жансақтау шараларын жүзеге асыра алады. Сондай-ақ жақын маңдағы емдеу мекемесіне дейін жеткізеді. Қажет жағдайда тікұшақ қонатындай алаңы да бар.
Бекеттегі медицина қызметкерлері, құтқарушылар тек апаттық жағдайда ғана емес, өздігінен жүгінгендерге де көмек көрсетеді. Қыстың қақаған аязында, қарлы боранында күре жолдық медициналық құтқару бекетінің ғимараты жылыту орны ретінде де пайдаланылады. Алайда мұндай бекетте азаматтарды тамақпен қамтуға мүмкіндік жоқ. Қыста жолға шыққан жолаушылар осы жағын да ескергендері жөн.
2019-2020 жылдары бекет күрделі күн райына тап болған тұрғындарға 11 рет көмекке шықты, 16 азаматқа медициналық көмек көрсетті, 27 адамды көшіріп, 26 адамды жылытқан.
Шығыстағы күре жолдық медициналық құтқару бекеттері мына бағыттарда орналасқан: Өскемен – Семей тас жолының 85 шақырымында (Ұлан ауданы, Привольное кенті), Алматы – Өскемен тас жолының 889 шақырымында (Жарма ауданы, Аршалы кенті), Омбы – Майқапшағай тас жолының 634 шақырымында (Бесқарағай ауданы Қарабас кенті жанында), Омбы – Майқапшағай тас жолының 825 шақырымында (Жарма ауданы Суықбұлақ кенті жанында).
Күре жолдардың бойына құтқару бекеттері қойылғанымен, жолаушылар да аса сақ болғаны абзал. Жолға шықпас бұрын ұялы телефонға келіп түсетін күн райы туралы ақпараттарға назар аударып отырғандары дұрыс. Боранның болу-болмауын ұялы телефоныңыздағы «Darmen» қосымшасы арқылы да біліп отыруыңызға болады.
Шығыс Қазақстан облысы